Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет29/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

1.4. Электр энергетикасын дамыту 
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» 
көшуі жөніндегі тұжырымдама жаңартылатын энергия көздері үлесін 2020 жылға қарай 3%, 
2030 жылға қарай 10% және 2015 жылға қарай 50% қол жеткізу жөнінде өршіл мақсаттар қойып 
отыр. Дәстүрлі энергия көздері де өз жұмысының тиімділігін арттыруы керек. 
Бүгінгі таңда Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі (БЭЖ) тұрақты жұмыс 
істеуде. БЭЖ жүйелік сенімділігі толық қамтамасыз етілді, экономика мен халықтың электр 
энергиясына қажеттілігі қанағаттандырылды.
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді әртүрлі меншік нысандарындағы 138 электр 
станциялары (оның ішінде ЖЭК) жүзеге асырады (көпшілігі жеке меншік).
2019 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан электр станцияларының (ЭС) жалпы белгіленген 
қуаты – 21901,9 МВт, оның ішінде отын түрлері бойынша: көмір Эс – 13236 МВт; газ Эс – 
5699,7 МВт; ГЭС (үлкен) – 2446,6 МВт; ЖЭК (шағын ГЭС – ты қоса алғанда) - 531 МВт. 2018 
жылы Қазақстанда жылдық жүктеме 2018 жылы 25 желтоқсанда тіркелді және қолда бар қуаты 
18895 МВт болған кезде 14823 МВт құрады. Соңғы бес жылда электр станцияларының қолда 
бар қуаты 2470 МВт-қа немесе 2013 жылғы деңгейден 15%-ға артты, негізінен жылу 
станциялары мен жаңартылатын энергия көздерінің қуатын арттыру есебінен. Бұл ретте энергия 
өндіруші компаниялардың қуат резерві 4000 МВт-қа жуық жүктемеге немесе 22-25%-ға жуық. 
Бұл 2025 жылға дейін қажетті тұтыну көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
.
Статистикалық деректер бойынша 2018 жылы электр энергиясын өндіру 107,4 
млрд.кВт*сағ. құрады немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңіне 116% (103,1 млрд. кВт*сағ.), 2019 
жылы — 106,5 млрд. кВт*сағ. құрады, оның ішінде ЖЭК – 11097,0 млн.кВт.сағ, гидроэлектр 
станциялары – 9993,7 млн.кВт.сағ, жел электрстанциялары - 707,1 млн.кВт.сағ, күн 
электрстанциялары – 391,2 млн.кВт.сағ. Биогаз қондырғылары өндірген биогаздың электр 
энергиясы 2019 жылы 4 967,1 мың кВтсағ (5,0 млн. КВтс) құрады. 
Қазақстанның электр станциялары жабдықтарының орташа жасы 2018 жылдың соңында 
32 жылды құрады. Өткен бес жылда ол 3 жылға өсті. 70 жыл бұрын енгізілген ең ескі 
жабдықтың қуаты электр станцияларының барлық белгіленген қуатының 0,54%-ын (118 
МВт), ал 30 жыл бұрын енгізілген электр станцияларының қуаты-54,3% (11892 Мвт) құрайды. 
Қазақстандағы электр желілерінің тозу деңгейі шамамен 60% құрайды. Магистральды 
электр желілеріндегі (ҚР ҰЭЖ) электр энергиясының шығындары 5-тен 7%-ға дейін, өңірлік 
электржелілік компаниялардың желілерінде - шамамен 12%-ды құрайды және осы сыныптың 
желілері үшін іс жүзінде оңтайлы болып табылады. Қазақстанның кейбір өңірлерінің тарату 
желілерінде шығындар 20%-ға жетеді, бірақ олар желілердің жоғары ұзындығымен және 
тұтынушылардың төмен шоғырлануымен байланысты (1.4.1-кесте.)
46
.
ҚР Энергетика министрі 25.02.2020 жылғы алқа отырысында иесіз желілердің ұзындығы 
2017 жылғы 2350 км-ден 2019 жылы 225 км-ге дейін (2125 км-ге) төмендегенін атап өтті. Бұл 
46
“Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі №470 қаулысы 


51 
ретте жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыс шеңберінде жаңа иесіз объектілерді 
анықтайды, осы мәселе бойынша түпкілікті нәтижелерге 2023 жылы қол жеткізілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет