Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Тарихи қалдықтар мен ластану
Кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындарды тарату, қайта ұйымдастыру, жекешелендіру және 
банкроттық нәтижесінде бүлінген жерлердің, қалдықтар жинағыштардың, карьерлердің үлкен 
63
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


67 
аудандары иесіз қалды, бұл елдің экологиялық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді, оларды 
жою және қалпына келтіру қажет. 
«Тарихи ластану» объектілері шартты түрде 4 топқа бөлінеді. 
Біріншісі-республикалық меншіктегі объектілер. Оларға бұрынғы әскери полигондар, 
ескірген ауылшаруашылық препараттарының (пестицидтердің) көмілген және жинақталған 
жерлері және т. б. жатады. Оларға ел аумағында 1992 жылғы 31 мамырға дейін қоймаланған 
техногендік минералдық объектілер де жатқызылған (Жер қойнауы және минералдық 
шикізатты қайта өңдеу туралы кодекс қолданысқа енгізілген күн). 
Екінші топ-коммуналдық меншіктегі объектілер. Бұл елді мекендердің шағын жылыту 
объектілерінің (қазандықтар) күл-қож үйінділері, қалдықтар полигондары, мал қорымдары, 
қираған (тастап кеткен) елді мекендер мен жергілікті өнеркәсіп объектілерінің қалдықтары, 
бұрынғы колхоздар мен совхоздардың жөндеу-техникалық станцияларынан (РТС және МТС) 
ластанған аумақтар және т. б.
Бұған ауыл шаруашылығы химиясының қоймалары және ауыл 
шаруашылығы препараттарының ескірген қалдықтарын көму орындары (көмінділер) жатады. 
Ескірген пестицидтермен ластанудың жоғары көрсеткіштері Қазақстанның барлық 
облыстарына тән. Түгендеу жүргізілмегендіктен, ескі қоймалардың саны, сондай-ақ ескірген 
пестицидтердің көлемі туралы мәліметтер нақты емес. 
Үшінші топ-иесіз объектілер. Бұл кәсіпорындардың банкроттығынан кейін қалған 
бұрынғы өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтары және олардың полигондары (қоймалар, 
шлам -, шлак қоймалары, зерттелмеген қалдықтар және т. б.). 
Иесіз қалдықтардың жалпы санын анықтау мүмкін емес, өйткені түгендеу жүргізілмеген. 
Тарихи қалдықтар анықталуына қарай сот шешімімен республикалық немесе коммуналдық 
меншікке беріледі. 
2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша сот шешімімен Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, 
Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы 17 объект республикалық меншікке 
берілді, оның ішінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке 5-еуі ауыстырылды. 
Олардың ішінде: 
-
Қарағанды облысында құрамында сынабы бар қалдықтар сатылды (жойылды немесе 
кейіннен жою үшін сатылды), Цезий-137 ұзақ мерзімді қоймаға көмілді; 
- Қостанай облысында Тоғызақ кентінде 4 га ескірген пестицидтерден тазартылды; 
- Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласының маңында орналасқан 304 136 тонна 
көлемінде мұнай шламы сатылды. 
Республикалық меншікке түскен иесіз қауіпті қалдықтарды ҚР Экология, геология және 
табиғи ресурстар министрлігінің «Жасыл даму» АҚ басқарады. 
Төртінші топ-жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық аумағындағы 
объектілер. Бұл өздігінен ағып жатқан мұнай және гидрогеологиялық ұңғымалар, мұнай 
кәсіпшіліктерінің бұрынғы қызметтерінен ластанған аумақтар. 
Тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) 
ТОЛ қалдықтар қоры бойынша Қазақстан Республикасы Шығыс және Орталық Еуропа 
елдері арасында Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Қазақстанда ТОЛ өндірісі 
жоқ. 
Қазақстан Республикасында құрамында ТОЛ бар қалдықтардың негізгі топтары 
құрамында ПХД бар жабдықтар (құрамында ПХД бар трансформаторлар, конденсаторлар) және 
құрамында тол бар пестицидтер болып табылады.
2003-2004 жылдары анықталған 114 ПХД 
толтырылған трансформаторлар мен 50 мыңнан астам ПХД конденсаторлар, 1,5 мың тоннадан 
астам ескірген пестицидтер және ПХД мен пестицидтермен ластанған 8 учаске бар. 
Пестицидтердің басым бөлігі көміліп, конденсаторлар Қазақстаннан тыс жерлерге жойылды. 
5946 конденсатор және шамамен 105 тонна ескірген пестицидтер қалды. 
Стокгольм конвенциясын орындаудың Ұлттық жоспары (2014 ж. ОҰЖ) 2017 жылы төрт 
жыл ішінде іске асырылып жатқан БҰҰДБ/ҒЭҚ «Ұлттық орындау жоспарын жаңарту, орнықты 
органикалық ластағыштарды басқаруды ұлттық жоспарлау және Қазақстандағы медициналық 
қалдықтарды ұтымды басқару процесіне ықпалдастыру жобасының» қолдауымен қайта 
қаралды. Қайта қарау нәтижесінде ОҰЖ-ға әдейі шығарылмайтын ТОЛ заттар енгізілді.


68 
2017 - 2018 жылдардағы ОҰЖ сәйкес (Энергетика министрінің 2017 жылғы № 312 
бұйрығы) сәйкес ұлттық басымдықтар қатарына мыналар кіреді:
- ТОЛ-ды, оның ішінде Стокгольм Конвенциясының тізіміне енгізілген жаңа ТОЛ-ды 
егжей-тегжейлі түгендеу;
- ТОЛ мониторинг жүйесін дамыту;
- ТОЛ басқарудың бірыңғай жүйесін құру;
- химиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша заңнаманы жетілдіру және оны іске асыру 
тетіктерін құру;
- ТОЛ саласындағы кадрлар әлеуетін арттыру .
2017 жылы Министрлік қоршаған ортаға әсерді анықтау бөлігінде жұмыстар жүргізді, 
қауіпті қалдықтардың төлқұжаттары әзірленді, «Дарьял-У» объектісінің екі қоймасында 
тұтастығы мен герметикалығын тексеруді жүзеге асырды. 
Контейнерлерді және олардың ішіндегі конденсаторларды тексеру нәтижелері бойынша 
барлық 5946 конденсаторларды қайта орау және құрамында ПХД бар қалдықтарды қайта 
орағаннан кейін арнайы үй-жайларда сақтауға орналастыру қажет.
Қоймалардың еден төсенішінің сынамаларында ПХД шекті рұқсат етілген 
шоғырлануының 500-ден 95000-ға дейін елеулі артуы анықталды, барлық 7 алынған су 
сынамасында ПХД бар екендігі анықталды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, құрамында 
ПХД бар қалдықтардың Балқаш көліне жақындығын, қоймалардың апат алдындағы жай-күйін 
ескере отырып, «Дарьял-У» объектісінің құрамында ПХД бар қалдықтарын кәдеге жарату 
бойынша шаралар қабылдау қажет. Уақытылы шара қолданбау Балқаш көлі үшін қайтымсыз 
салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін және соның салдарынан елдің экологиялық ғана емес
сондай-ақ ұлттық қауіпсіздігіне да қауіп төндіреді.
Құрамында ТОЛ бар және басқа да қауіпті қалдықтарды жою жөніндегі мәселені шешу 
мақсатында Министрлік ЮНИДО-мен (Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму 
жөніндегі Ұйымы) бірлесіп «Озонды бұзатын заттар мен орнықты органикалық ластағыштарды 
кәдеге жаратуды келісілген басқару» жобасын іске асырады. Осы жоба шеңберінде ТОЛ жою 
жөніндегі қондырғыны Қазақстанға өтеусіз беру жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Жасыл даму» АҚ базасында ақпарат алмасу мақсатында Үйлестіру 
орталығы (ТОЛ орталығы) құрылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет