Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Болашаққа арналған жоспарлар.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция 
жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру 
жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 12-тармағымен «Кәсіпорындардың энергия 
тиімділігі мен энергия үнемдеу талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу» іс-шарасы 
бекітілді.
Осы іс-шараны орындау шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму 
министрлігі (ҚР ИИДМ) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР 
Заңын іс жүзінде іске асыруға, оның ішінде кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия 
үнемдеу талаптарын жетілдіру мәніне талдау жүргізді. Жүргізілген талдау қорытындысы 
бойынша реттеуді қатаңдатуды немесе керісінше жеңілдетуді талап ететін бірқатар мәселелер 
анықталды, мысалы, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша берілген 
қорытындылардың сапасын қамтамасыз етуге қатысты, мемлекеттік энергетикалық тізілімді 
қалыптастыру және жүргізу, энергия аудиторлық қызметті реттеу, мемлекеттік бақылау және т. 
б. 
Осыған байланысты, энергия үнемдеу жүйесін жетілдіру жеке және мемлекеттік 
секторлар үшін екі бағыт бойынша ұсынылады.
Жеке заңды тұлғалар үшін мынадай шаралар ұсынылады:
- реттеудің қатаң нормаларын ішінара алып тастау (мысалы, энергия аудитін жүргізуге 
міндетті тұлғалар санын азайту, берілетін ақпарат санын қысқарту);
- профилактикалық бақылау («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес);
- штатқа энергоменеджерді енгізу (ірі кәсіпорындар үшін);
- электр энергетикасы мәселелері жөніндегі уәкілетті органға бақылау функцияларын беру 
(электр станцияларына қатысты);
- ынталандыру тетіктерін құру (қаржылық қолдау, салықтық жеңілдіктер).
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік және 
квазимемлекеттік секторларды реттеуді жетілдіру үшін мынадай шаралар ұсынылады:
- мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің энергия тұтынуының толық 
мониторингі (Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қамтуды кеңейту),
- осы саланы қатаң реттеу шараларын қабылдау (басшылардың жауапкершілігін күшейту, 
нормативтерді әзірлеу). 


50 
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 
актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының 
Тұжырымдамасы әзірленді.
Осы Тұжырымдама энергия үнемдеу жүйесін жетілдіруге бағытталған және таяу және 
алыс шетелдердің халықаралық тәжірибесін назарға ала отырып, мемлекеттік және жергілікті 
атқарушы органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 
заңнамасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет