Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет50/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

 
Талдамалық материалды ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстандағы атмосфералық ауаның 
ластануын төмендету бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жоба шеңберінде ұсынды. Бұл 
жоба Қазақстан Үкіметі мен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 
арасында 2018 жылғы жиырма бірінші қарашада қол қойылған уағдаластық туралы 
Меморандумды іске асыру үшін жүзеге асырылады. 
81
https://building-tech.org/60-vseh-prodannyh-v-norvegii-avtomobilej-polnostju-elektricheskie/
 


95 
Жобаның алдын ала есебінде табиғатты қорғауды реттеу, табиғатты қорғауға рұқсат 
беру және экологиялық төлемдер жүйесінің қолданыстағы құрылымы энергия тиімділігін 
арттыруға және ластануды неғұрлым жылдам қарқынмен бақылауды жетілдіруге кедергі 
келтіретіні тікелей көрсетіледі
82

Өнеркәсіптік операторлардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің 
қолданыстағы жүйесі бір мәнді емес. Ол қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға 
ынталандыру емес, әсіресе шетелдік операторлардан кіріс алуға бағытталған.
ЭЫДҰ сарапшыларының негізгі ұсынымдарына мыналар кіреді:

тұтастай алғанда, ЭЫДҰ елдерінің заңнамасына жақындату жөніндегі күш-жігерді 
жалғастыру; 
-
салық салынатын заттарды мемлекет міндеттемелері мен үкіметтік бағдарламаларға 
негізделген тізбеге дейін едәуір қысқарту, алайда, бұл ретте төлем ставкаларын салық 
салынатын заттар шығарындыларын азайту жөніндегі шығындар шамасына дейін ұлғайту 
ұсынылады;
- экологиялық қорларды құру мүмкіндігі, бірақ мұқият бағалаудан кейін ғана;
- «құқық қолдану пирамидасын" пайдалана отырып, қатаң әкімшілік тәсілді алып тастау 
арқылы айыппұлдар жүйесін реформалау;
- ақшалай залалдың шамасына байланысты алып тастай отырып, қылмыстық заңнаманы 
қылмыстық сипаттан арылту, бірақ бұл ретте күніне ең төменгі және ең жоғары сомаларды 
айқындай отырып, өндіріп алудың пәрменділігін арттыру;
- кінә негізінде залалды өтеуді жою (яғни рұқсат етілмеген шығарындылар немесе 
экологиялық рұқсаттарда көзделген олардың лимитінен асып кеткен жағдайда туындайтын 
жауапкершілік), залалды есептеудің жанама әдісін алып тастау;
- баламалылықты талдау арқылы (яғни қосымша және өтемдік қалпына келтірумен) 
залалды өтеу сомасын айқындауға көшу;
- операторлардың қаржы резервтерін құруы туралы талаптарды күшейту.
БҰҰ ЕЭК шығарындыларды азайту үшін төмендегілерді ұсынады:
Ұлттық деңгейде:
* Ауаның алыс қашықтықтарға трансшекаралық ластануы туралы конвенцияның 
хаттамалары ратификациялау және жүзеге асыру (ЕМЕП хаттамасы және бұдан әрі аса 
маңызды үш Хаттамаға қосылу: қышқылдандыруға, эвтрофикациялауға және жерге жақын 
озонға қарсы күрес туралы хаттама (Гетеборг ХАТТАМАСЫ), Ауыр металдар жөніндегі 
хаттама және тұрақты органикалық ластағыштар жөніндегі Хаттама).
* Климат және энергетика саласындағы тиімді саясатты жүзеге асыру.

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету регламентін тиімді бақылауды енгізу. 
* Ескі автомобильдер мен мотоциклдерді қайта өңдеу бағдарламаларын енгізу. 
* Фермалар мен үй пештері үшін шығарындылар стандарттарын іске қосу. 
Жергілікті деңгейде (қалалар деңгейінде): 
* Ескі көлік құралдарын мерзімінен бұрын кәдеге жаратуды ынталандыру мақсатында 
төмен шығарындылар аймақтарын енгізу. 
* Қалаларға жақын магистральдарда жылдамдық шектеулерін енгізу. 
* Электр құралдарын пайдалануды ынталандыру. 
* Қоғамдық көлік, велосипедпен жүру және жаяу жүргіншілер жолдарының 
инфрақұрылымын жақсарту. 
* Халыққа ағашты жағу нәтижесінде ауаның ластануы және оны азайту тәсілдері туралы 
ақпарат беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет