1.7. Парниктік газдар шығарындыларын азайту. ПГ шығарындыларын азайту жөніндегі ұлттық міндеттемелер Қазақстан БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК),
оған Киото хаттамасының және 2021 жылдан бастап Киото хаттамасын ауыстыратын Париж
келісімінің тарапы болып табылады.
Киото хаттамасы шеңберінде Қазақстан 2020 жылға қарай ЖЖӨОШ секторында
эмиссиялар мен сіңірулерді есепке алмағанда парниктік газдар шығарындыларын (ПГ) базалық
1990 жылғы шығарындылардың 95% деңгейінде ұстап тұру міндеттемесін қабылдады
84
.
Париж келісімі шеңберінде 2015 жылы Қазақстан БҰҰ КӨНК хатшылығына өзінің
болжамды ҰДАҮ (ұлттық деңгейде айқындалатын үлес) ұсынып, 2030 жылға қарай ПГ
шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%–ға қысқартуға, ал сыртқы көмек (жаңа
технологияларды беру түрінде) және қолайлы экономикалық ахуал жағдайында-көрсеткішті "-
25%-ға дейін жеткізуге дайындығын білдірді.
Париж келісімін ратификациялағаннан және ол күшіне енгеннен кейін Қазақстан бұрын
мәлімделген болжамды ҰДАҮ растады
85
.
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу «1990-2018 жылдар кезеңінде Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден
антропогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдар сіңіргіштері абсорбциясы
туралы ҚР ұлттық баяндамасына» сәйкес
86
, 1990 жылы парниктік газдардың жалпы ұлттық
шығарындылары ЖЖӨОШ есепке алмағанда СО
2
-экв 401,9 млн.тоннаны, 2018 жылы - 396,6
млн.тонна СО
2
-экв. құрады (яғни 1990 жылғы деңгейден 1,3% төмен болды).
1990 жылы ПГ
нетто-эмиссиясы (ЖЖӨОШ есепке алғанда) СО2-экв 386,3 млн.тоннаны, ал 2018 жылы-401
885,9 мың тонна СО2-экв. құрады (яғни, 1990 жылғы деңгейден 4,05%-ға асып түсті).
1990-2018 жылдардағы ҚР ПГ шығарындыларының динамикасы (1.7.1-сурет) елдің ЖІӨ
динамикасымен жақсы үйлеседі. 1996 жылға дейін өтпелі кезеңнің экономикалық
құлдырауына байланысты ПГ шығарындылары көлемінің үдемелі және қарқынды төмендеуі
байқалды.
1997 жылдан 2000 жылға дейін біз экономика жақсара бастаған кезде «терең
экономикалық депрессия» кезеңіндегі ауытқуларды көреміз. Ал 2001 жылдан бастап
Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық дағдарыстардың әсерін бастан өткерген
жылдарды қоспағанда, ПГ шығарындыларының үдемелі ұлғаю кезеңі байқалады.
84
ЖЖӨОШ - жерді пайдалану, жерді пайдаланудағы өзгерістер және орман шаруашылығы
85
Қазақстан Париж келісімін 2016 жылы ратификациялады. Сол жылы Париж келісімі күшіне енді
86
Жалпыға бірдей белгіленген CRF форматындағы деректер кестелерімен ұлттық баяндамаларды жыл
сайын "Жасыл даму" АҚ дайындайды және БҰҰ КӨНК хатшылығына беру үшін ҚР экология, геология
және табиғи ресурстар министрлігіне 15 сәуірге дейін беріледі. Барлық ұлттық баяндамалар мен CRF
кестелері БҰҰ КӨНК Хатшылығының сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді
https://unfccc.int/ghg-inventories-annex-i-parties/2020. 2019 жылғы деректер 2021 жылғы 15 сәуірге
дайын болады. Қазіргі уақытта 1990-2018 жылдардағы деректер қол жетімді.