157
министрі Е. Н. Нысанбаевтың, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Х.Түймебаевтың
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске
асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарының мына бөлімдер
бойынша орындалуы туралы есептері тыңдалды: «Қалдықтарды басқару», «Су ресурстарын
басқару».
2017 жылғы 19 қазанда Кеңестің жетінші отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасының
«жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың іс-
шаралар жоспарын іске асыру туралы «Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару»
бөлімі
бойынша Энергетика министрі Қ.А. Бозымбаевтың, Атырау облысының әкімі Н.А. Ноғаевтың,
Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбектің, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К. Ахметовтың,
Алматы облысының әкімі А.Ғ. Баталовтың, Қарағанды облысының әкімі Е.Ж. Қошановтың,
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың есептері тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы №568 «Қазақстан
Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің қолданылуын тоқтатуды мойындау
туралы» Жарлығымен Кеңес құрамы екі қатысушымен толықтырылды. ҚР Денсаулық сақтау
министрі және БҰҰ-ның Орталық Азиядағы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының
директоры.
2018 жылғы 14 мамырда кеңестің сегізінші отырысы өтті. Ауыл шаруашылығы вице-
министрінің, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары
әкімдерінің Қазақстан
Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған
тұжырымдаманың іс - шаралар жоспарын іске асыру нәтижелері туралы есептері, Қазақстанның
экологиялық ұйымдары қауымдастығы Төралқасы төрағасының сөзі, сондай-ақ «жасыл
экономикаға» көшу жөніндегі Ұлттық баяндаман қаралды.
2018 жылғы 20 желтоқсан күні кеңестің тоғызыншы отырысы өтті. «Ауаның
ластануын
төмендету» бөлімі бойынша Энергетика министрінің есебі тыңдалды. Сондай-ақ «Kaz Waste»
қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының, «Жасыл академия» ғылыми-
білім беру орталығының, ЮНЕП, «Атамекен» ҰКП өкілдері сөз сөйледі.
2019 жылдың 18 желтоқсанында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен
Кеңестің 11-ші отырысы өтті. ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі 2013-2020
жылдарға арналған тұжырымдаманың іс- шаралар жоспарын
іске асыру барысы туралы
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады. Өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту
және "жасыл экономиканы" дамыту жөніндегі шаралар туралы сондай-ақ Нұр-Cұлтанның әкімі
Алтай Көлгінов пен Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев баяндады.
Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерін дамыту талқыланды,
елімізде белгіленген
қуаты 938,8 мегаватт болатын 84 ЖЭК объектісі жұмыс істейді. 2019 жылы ЖЭК электр
энергиясын өндіру көлемі 10 ай ішінде 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65
пайызға өсумен сағатына 1,7 миллиард киловатты құрады. 2020 жылы ЖЭК объектілерінің
санын 108 (1610 мегаватт) дейін, 2021 жылы — 119 (2096 мегаватт)
дейін жеткізу
жоспарлануда.
Астананы, республиканың солтүстік және орталық өңірлерін газбен жабдықтау үшін
"Сарыарқа" магистральдық газ құбырының құрылысын іске асыру барысы жеке қаралды. Бұл
Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: