Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет91/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Ластанған сарқынды суларды төгу 2016 жылғы 6,0 мың тоннадан 2017 жылы 4,0 мың 
тоннаға дейін төмендеді. 
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
Облыс аумағында түзілетін өнеркәсіптік қалдықтар оларды қайта өңдеу бойынша 
кәсіпорындардың болмауына байланысты кәдеге жаратылмайды. 4 қалдық қоймасы бар: оның 
ішінде 3 – "Қазақалтын" АҚ (Степногорск қ.) және 1 - "Васильков КБК" АҚ (Көкшетау қ.) 
балансында. "Степногорск тау-кен-химия комбинаты" ЖШС кәсіпорнында полиметалл 
кендерін және технологиялық ерітінділерді байыту нәтижесінде радиоактивті қалдықтар пайда 
болады.
Степногорск қаласынан 25 шақырым жерде уран өндірісінің радиоактивті 
қалдықтарының ең ірі қалдық қоймаларының бірі орналасқан. Жақын маңдағы елді мекендердің 
ғана емес, сондай-ақ ластанудың кең ауқымда таралу қаупі бар. Жалпы алғанда, Степногорск 
қаласының аумағында қала маңы (Пригородный, Ақсу, Кварцит, Заводской) бірге радиоактивті 
ластанудың әсер ету қаупі бар аймақта орналасқан шамамен 70 мың адам тұрады.
2017 жылы өнеркәсіптік қалдықтардың пайда болуы 41343,3 мың тоннаны, 2018 жылы 
43877,3 мың тоннаны құрады. Өнеркәсіптік қалдықтардың пайда болу көлемінің артуына 
облыстың ірі тау-кен өндіруші кәсіпорындарында аршыма тау жыныстарының көбеюі әсер етті. 
Ақмола облысының кәсіпорындары бойынша өнеркәсіптік қалдықтардың жалпы жиналуынан 
кәдеге жарату көлемі 8558,0 мың тоннаны немесе 19,5% құрады. 


169 
2018 жылы 241 мың тонна ҚТҚ құрылды, оның 2,93%-ы қайта өңделді. 2017 жылы 
құрылған ҚТҚ көлемі 234 мың тоннаны құрады. оның ішінде 2,11% қайта өңделген. 2018 жылы 
облыс халқының 44,50% ҚТҚ жинау және шығару қызметімен қамтылды. 400 ҚТҚ орналастыру 
объектісінің 28-і ғана экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, 
бұл 7% құрайды. 
2020 жылдың басында облыс аумағындағы ҚТҚ үйіндісінің саны 130 (жер актісі бар). 
Экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық 
қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы 
санынан) 20% құрады. 
2018 жылы облыста коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша 27 (2019 
жылы - 36) кәсіпорын мен ұйым болды.
Қоқыс өңдейтін зауыттардың болмауына байланысты облыс аумағында коммуналдық 
қалдықтарды қайта өңдеу жүзеге асырылмайды.
Ақмола облысының әкімдігі пайдаланылған құрамында сынап бар шамдар мен 
термометрлерді жинау үшін 199 контейнер сатып алды.
2017-2018 жылдары Ақмола облысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2 нысанның 
құрылысы жүргізілді: Бурабай ауданының Щучинск қаласында орналасқан "ЭкопромБурабай" 
ЖШС және Целиноград ауданының Қараөткел ауылында орналасқан "GreenEcoService" ЖШС.
"ЭкопромБурабай" ЖШС кешені қызметінің негізгі түрі қалдықтарды қабылдау, 
сұрыптау, екінші шикізатты престеу және сату болып табылады. Кешеннің қуаты жылына 
30000 тонна. "Экопромбурабай" ЖШС пайдалануға берілді. 
"GreenEcoService" ЖШС қоқыс өңдеу зауыты қызметінің негізгі түрі одан әрі өнім 
өндірумен (орамды, дәретхана қағазы, салфеткалар, картон және қағаз өнімдерінің барлық 
түрлері) ҚТҚ өңдеу болып табылады. Кәсіпорында өзін-өзі сұрыптайтын жабдықтар мен 
өндірістік цех орнату жоспарлануда. Сұрыптау жабдығының қуаты тәулігіне 600 тоннаға дейін.
2020 жылдың басында Ақмола облысының аумағында екінші шикізатты жинауды, 
сұрыптауды жүзеге асыратын 4 кәсіпорын жұмыс істейді: 1) "LS Kokshetau" ЖШС, Көкшетау 
қ.; 2) "Экопромбурабай" ЖШС, Бурабай ауданы, Щучинск қ.; 3) "ЭкоСервисБурабай" ЖШС, 
Бурабай ауданы, Щучинск қ. және 4) "Баян" ЖК, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы.
"LSKokshetau" ЖШС қоқыс жинау үшін 30 контейнер орнатылды. Екінші шикізаттың 
негізгі көлемі облыс кәсіпорындарынан, ұйымдарынан келіп түседі. Жиналған екінші 
шикізаттың көлемі 5912,03 тоннаны құрады, оның ішінде: макулатура, картон – 3366,76 тонна, 
пластмасса қалдықтары-3,32 тонна, полиэтилен қалдықтары – 379,5 тонна, шыны – 2146,13 
тонна.
"LSKokshetau" ЖШС қоқыс жинау үшін 30 контейнер орнатылды. Жиналған ҚТҚ көлемі 
4012,71 м3 құрады. Екінші шикізат нығыздалып, кейіннен мүдделі тұлғаларға өткізу арқылы 
"LSKokshetau" ЖШС-ға беріледі.
"Баян" ЖК мүдделі тұлғаларға әрі қарай іске асыру үшін екінші шикізатты жинауды 
жүзеге асырады. Жиналған екінші шикізаттың көлемі 1133,70 тоннаны құрады, оның ішінде: 
макулатура, картон - 360,9, пластмасса қалдықтары-167,9 тонна, полиэтилен қалдықтары - 
321,4, шыны - 162,7, ағаш - 112, металл - 8,8 қалдықтар бөгде ұйымдарға қайта өңдеуге берілді.
Әкімдік "Ақмола облысы Көкшетау қаласында қоқыс сұрыптау пункті бар ҚТҚ 
полигонын салу" ТЭН әзірледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет