Қоршаған ортаның жай-күйі
,
ауа мен судың ластану көлемін қысқарту.
Жүргізілетін жұмысты жүйелеу үшін Ақтөбе облысының 2018 - 2020 жылдарға арналған
экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары және Ақтөбе облысының 2018-
2020 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері қалыптастырылып,
бекітілді.
2017, 2018 және 2019 жылдары Ақтөбе қаласы бойынша атмосфералық ауаның
жағдайын бақылау 6 стационарлық бекетте жүргізілді.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының
ластану деңгейі біршама нашарлады (ИА 6-дан 7-ге дейін (жоғары деңгей), СИ 13-тен 30-ға
дейін (>10 өте жоғары деңгей).
Мұнай-газ өндіру кешенінің кәсіпорындары облыстың қоршаған ортасын неғұрлым ірі
ластаушы болып табылады: "СНПС Ақтөбемұнайгаз” АҚ,"ҚазақОйлАқтөбе"ЖШС,"Интергаз
ОА"АҚ, "Ақтөбе" МГМ (Газ тасымалдау), Тау-кен, металлургия, химия және жылу
энергетикалық өнеркәсіп кәсіпорындары: "ТНК Казхром" АҚ-ДГОК және АЗФ АҚ
филиалдары, "Ақтөбемыс компаниясы" ЖШС, "АЗХС" АҚ, "Ақтөбе ЖЭО" АҚ, коммуналдық
кәсіпорындар.
Облыста I санаттағы 181 кәсіпорын, оның ішінде мұнай–газ секторының кәсіпорындары -
53 (29%), тау-кен өндіру саласы – 47 (26%), коммуналдық сектор – 8 (4,4%), металлургия - 2
(1,1%), ауыл шаруашылығы-7 (4 %), басқалары - 64 (35,5%).
2018 жылы облыс кәсіпорындары тұрақты көздерден атмосфераға шығаруға 2753 рұқсат
алды.
Шығарындылардың
рұқсат
етілген
көлемі-312,65
мың.
т,
2018
жылы
шығарындылардың нақты көлемі - 185,2 мың. т, 2017 жылмен салыстырғанда 4,7% азайды
(2017ж. - 194,3 мың.т).
2018 жылы ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемінің азаюы:
177
- "Ақтөбе" МГБ жөндеу жұмыстары "ИОА" АҚ (12,29 мың т.);
- "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС мұнай өндіру көлемінің азаюы (8,31 мың т.),
- бұл ретте: "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ ТМГК күрделі жөндеуіне байланысты нақты
шығарындылар 4,49 мың т. ұлғайтты.
2019 жылы статистикалық деректер бойынша атмосфераға шығарындылар 136,6 мың
тоннаға дейін төмендеді.
Ақтөбе облысында, облыс орталығы – Ақтөбе бойынша тұрақты қалалық маршруттар
үшін 497 бірліктен астам үлкен, орташа және шағын сыйымдылықтағы автобустар тартылған.
Оның ішінде газ отынына - 172 автобус, дизель отынына - 325 автобус. Облысішілік
маршруттарда 120 бірлік, оның ішінде 104 бірлік газ отынымен іске қосылды.
Атмосфералық ауаның күкіртті сутегімен ластануының негізгі себебі "Ақбұлақ" АҚ
канализациялық сорғы станцияларынан шығатын шығарындылар болып табылады.
Қалалық кәріз жүйесіне тұрмыстық ағындармен бірге өнеркәсіп ағындары да келіп түседі.
"Ақбұлақ" АҚ ҚОҚ тиімсіз жұмыс істеуі себебінен келіп түсетін ағындар жеткілікті
тазартылмайды және Ақтөбе қаласындағы атмосфералық ауаның жай-күйін нашарлататын
күкіртті сутегі пайда бола отырып, ластаушы заттардың шіруі мен ыдырауына жағдай жасайды.
Кәсіпорындарда жергілікті-тазарту құрылыстарының болмауы немесе тиімсіз жұмысы Ақтөбе
қаласында күкіртті сутегі шығарындыларының негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Осыған байланысты оларды жаңғырту жобасы әзірленуде, оны 2020 жылдан бастау
жоспарлануда (құны – 16,9 млрд теңге).
Күкірт сутегін бөлудің екінші көзі бірінші тұндырғышта және екінші тұндырғышта II
КОС түзілген тұнба алаңдары болып табылады. Лай алаңдарының ауданы 25 га құрайды.
Алаңдардың саны 56 дана. Ағымдағы жылдың жағдайы бойынша 26 алаң лаймен толтырылған.
Экология департаментінің мәліметтері бойынша 0 - 10 см тереңдікте күкіртсутектің нақты
концентрациясы 496 мг/кг құрайды.
2017 - 2019 жылдары "Ақбұлақ" АҚ күкіртті сутегі шығарындыларын азайту және жою
бойынша бірқатар іс-шараларды орындады:
- ҚОҚ-да: сулы бөгетті орнату, құм бастырмалардың, тарату, қабылдау камераларының
бетін жабу;
- 3 заманауи құю станциясы пайдалануға берілді;
- өнеркәсіп орындарында ЖДВШ нормативтерінің сақталуына бақылау және сарқынды
суларды қабылдау қызметтерін тоқтату ұйымдастырылды;
- сарқынды суларды күкіртсутектен тазарту және иістерді жою үшін су тартру жүйесіне
ИВКАЗ препаратын қосу енгізілді. Зертханалық зерттеулер кәріздік ағындардағы
күкіртсутегінің құрамының айтарлықтай төмендегенін көрсетті. ҚОҚ-та тікелей келіп түсетін
ағынды суларда оттегінің құрамы артты (0 болды, 0,23 мг/дм
3
болды).
Тұнба карталарында (ағындарды тазартудан кейін тұнба жиналуы) тәжірибелік жұмыстар
жүргізілді, онда қышқыл сүт бактериялары қолданылды. Сондай-ақ осы әдіс (ашыған сүт
бактерияларымен өңдеу) барданың жинақтау карталарында сыналып, жыл бойы
бактериялармен 15 сұйық карта өңделді.
Қабылданатын шаралардың нәтижесі ретінде күкіртсутектің артуын тіркеу жағдайлары
төмендеді, егер 2017 жылы "Қазгидромет" РМК стационарлық бекеттері күкіртті сутегі
бойынша ШРК артуының 144 оқиғасы тіркелсе, 2018 жылы күкіртті сутегі бойынша ШРК
арту оқиғасы тек 7 болды.
2018 жылы ілеспе мұнай газын кәдеге жарату көлемі 6474,085 млн. м
3
құрады, ал 2017
жылы ол 6282,324 млн. м
3
болған еді. 2018 жылы жағылған газ көлемі 248,54 млн. м
3
құрайды,
бұл 2017 жылмен салыстырғанда 80,528 млн. м
3
аз. Алаулық қондырғылардан шығатын барлық
шығарындылардың 97%-ы 3 мұнай-газ өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарына тиесілі:
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "ҚазақОйлАқтөбе" ЖШС және "Аман Мұнай" ЖШС.
Алауларда жағылатын ілеспе газ көлемінің төмендеуі ілеспе газды кәдеге жарату
көлемінің ұлғаюына байланысты. Бұл ретте "СНПС-АМГ" АҚ ілеспе мұнай газын өндіру
көлемі 2018 жылы 194,237 млн.м
3
артық (2017 жылғы 5960,87 млн. м
3
қарсы 6155,107 млн. м
3
газ өндірілді).
178
Стационарлық көздерден шығарындылардың жалпы көлемінен (185,2 мың т) алауларда
ілеспе газды жағудан шығарындылардың үлесі – 16,3 мың т (8,8%).
2018 жылдың соңында Байғанин ауданындағы "Қожасай" кен орнында қуаты 40 мың
м3/сағ немесе жылына 326,4 млн.м3 заманауи газ өңдеу кешені пайдалануға берілді.
Нәтижесінде жағылатын ілеспе мұнай газының технологиялық болмай қоймайтын көлемі
жылына 316,0 млн.м3 қысқарады, бұл ретте ластаушы заттар шығарындыларының көлемі
жылына 5,6 мың тоннаға қысқарады.
Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі 2018 - 2020 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде:
- бюджеттік ұйымдардың автокөлігі (850 бірлік) және қоғамдық көліктің 60%-дан астамы
газ отынына ауыстырылды (облыс бойынша тіркелгендердің жалпы санынан автомобильдердің
барлығы 23%-ы газ отынына ауыстырылды);
- 64 қала қиылысы қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қосылған
(БАЖ);
- экология департаментінің желісі бойынша ІІД-мен бірлесіп автокөліктердің түтінге және
уыттылыққа шығарылуына бақылау жүргізіледі.
Ақтөбе облысының аумағында 2017, 2018 және 2019 жылдары жер үсті суларының
ластануын бақылау 12 су объектісінде жүргізілді: Елек, Қарғалы, Қосестек, Ақтасты, Ойыл,
Үлкен Қобда, қара Қобда, Ембі, Темір, Ор, Ырғыз өзендері және Шалқар көлі.
2017 жылы су сапасы төмендегідей бағаланады: "ластанудың жоғары деңгейі" - Елек, Ор,
Қарғалы, Ырғыз, Қосестек, Темір өзендері; "ластанудың орташа деңгейі" - Ембі, Ойыл,
Ақтасты, қара Қобда, Үлкен Қобда өзендері, Шалқар көлі. 2017 жылы Елек өзенінен 15 ВЗ және
1 ЭВЗ оқиғасы анықталды.
2016 жылмен салыстырғанда Елек, Қосестек, Ақтасты, Ойыл, Ор өзендеріндегі, Шалқар
көліндегі су сапасы айтарлықтай өзгерген жоқ, Үлкен Қобда, Қара Қобда, Ембі өзендері
жақсарды; Ырғыз, Қарғалы, Темір өзендері нашарлады.
128
2018 жылы - "ластанудың орташа деңгейі" - Ор, Қарғалы, Қосестек, Ырғыз Үлкен Қобда,
Ойыл, Ембі, Темір өзендері және Шалқар көлі. "Ластанудың жоғары деңгейі" - Елек, Ақтасты,
Қара Қобда өзендері. Ақтөбе облысының аумағында Елек өзенінде жоғары ластанудың 40
жағдайы анықталды. 2017 жылмен салыстырғанда Қарғалы, Ор, Қосестек, Темір өзендеріндегі
судың сапасы жақсарды; Қара Қобда өзенінде нашарлады; Елек, Үлкен Қобда, Ырғыз, Ембі,
Ойыл, Ақтасты өзендерінде және Шалқар көлінде - айтарлықтай өзгерген жоқ.
129
2019 жылғы Ақтөбе облысының аумағындағы су объектілерінің сапасы Бірыңғай
жіктеме бойынша төмендегідей бағаланады: 4 класс – Елек, Қарғалы, Ор, Қосестек, Ақтасты,
Үлкен Қобда, Қара Қобда, Темір, Ембі, Ырғыз өзендері және Шалқар көлі; нормаланбайды (>5
класс): Ойыл өзені.
130
Елек өзенінің бассейнінде 50 жылдан астам жер асты және жер үсті суларының
жинақталған, құрамында хром бар АЗХС шламдары мен АЗФ (үйінді) ферроқорытпа
өндірісінің шлактарынан алты валентті хром қосылыстарымен қарқынды ластануы жалғасуда.
Елек өзені бассейнінің жер асты суларының ластануының таралу аймағы бастапқыда - 12,0 км
2
.
Елек өзенінің жер үсті суларындағы хромның ең жоғарғы концентрациясы өзен
ағысының көлемі ең аз (аралық кезең) суық уақыт кезеңінде (желтоқсан-наурыз) белгіленген.
Елек өзенінің жер үсті суларындағы алты валентті хромның ең жоғары концентрациясы 2014
жылдың 1 тоқсанында Георгиевка а.бейіні бойынша – 0,25 мг/л, IV (Целинное а.) және V
(Ресеймен
шекарада)
бейіні
бойынша
–
0,15
мг/дм3
тіркелген.
Сондай-ақ,
"Батысқазжерқойнауы" тапсырмасы бойынша хроммен ластану учаскесінде (Ақтөбе қаласының
солтүстік-батыс өнеркәсіп зонасынан кентке дейін) жер асты суларының тұрақты мемлекеттік
мониторингін 100-ден астам нүкте бойынша "АҚПАН" ЖШС жүргізеді.
128
2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень.
129
2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень.
130
2019 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень.
179
2007 - 2009 жылдары Елек өзеніне жанасқан аймақта суды хроммен ластанудан (VI)
тазарту бойынша ғылыми – зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді,
24,95 млн.теңге игерілді. Елек өзенінің хроммен ластануын жою инвестициялық жобасының
ТЭН әзірленді, 8,0 млн. теңге игерілді.
2012 - 2013 жылдар кезеңінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары
министрлігі "№3 тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскенің жерасты суларын Елек өзенінде
жанасатын аймақта алты валентті хроммен ластанудан тазарту" жобасын іске асыруды жүргізді.
"Геотерм "өндірістік компаниясы" ЖШС жобасының мердігері қысқа мерзімде №3
эксперименталдық учаскеде ластануды жойды.
2018 жылдың желтоқсанында зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің мониторинг
деректері бойынша Елек өзені бойынша алты валентті хромның шоғырлануының артуы
байқалады, ВЗ жағдайлары анықталды (10 ШРК астам). Жүргізілген қайта бақылау Георгиевка
а. 12 ШРК шоғырлануын белгіледі. Хром шоғырлануының ұлғаю себептерін анықтау
мақсатында (VI) Елек полигонында орналасқан жер асты ұңғымалары мониторингінің
деректеріне талдау жүргізіледі.
Осыған байланысты, трансшекаралық ауқымда хроммен ластануды болдырмау үшін жер
асты суларын тазарту жөніндегі жұмыстарды жаңарту қажет.
Қолда бар деректер бойынша бормен ластанған жер асты суларының жалпы таралу
ауданы 21,1 км2 құрайды. "Казводоканалпроект" институтының деректері бойынша шлам
жинағыштар орналасқан жер асты көлдерінде 890 тоннадан астам бор жинақталған. Қазіргі
уақытта Елек өз. cудың химиялық құрамы бойынша Алға қаласы ауданында 13,7 ластану
индексі бар, бұл су сапасының 7 сыныбына сәйкес келеді және "суы өте лас" деп сипатталады.
2008 ж.Елек өзеніне жанасу аймағында жер асты суларын бормен ластанудан тазарту
бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Елек өзенінің
жер асты суларын бормен ластанудан тазартудың инвестициялық жобасына ТЭН әзірленді.
2014 жылы облыс әкімдігі "Елек өзені бассейнінің жер асты суларын бормен ластанудан
тазарту" жобасына түзету жүргізді. 2014 жылғы қарашадан бастап жоба "Мемсараптама" РМК-
ға 4 рет жіберілді. "Мемсараптама" РМК жаңа ТЭН әзірлеуді немесе тәжірибелік учаскеде
тазарту жұмыстарын жүргізуді ұсынады. Бүгінгі таңда Елек өзенін ластау көзін жою бойынша
қаржыландыру ашық күйінде қалып отыр. Елек өзенінt бормен ластау көзін жою үшін 10 млрд.
теңгеден астам қаражат қажет болады.
Жер асты суларының бормен ластану учаскесінде 92-ші режимдік ұңғымалар бойынша
"АҚПАН" ЖШС кәсіпорны тұрақты мемлекеттік мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, Елек
өзенінің тұрақты (ай сайынғы) мониторингін экология департаменті жүргізеді, онда бордың
орташа жылдық жиілігі 2018 ж. №2 нүктеде (Алға қ.) 14,6 ШРК, Целинное а. – 10,4 ШРК,
Георгиевка а. - 10,4 ШРК құрайды. Осыған байланысты бормен ластану көзін жою жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыруды жаңарту қажет, бұдан басқа төмендегілер қажет:
- Ақтөбе облысының су айдындарында мемлекеттік бақылауды күшейту;
- "Қазгидрометтің" РМК-ның фондық көрсеткіштерді алу және бормен тарихи құрғату
объектілерінің неғұрлым дәл әсерін анықтау мақсатында Елек өзеніндегі жер үсті суларының
сынамаларын алу үшін қосымша гидробекеттер ұйымдастырсын.
Ақтөбе облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі 2018-2020 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде:
- 2018 жылы Ақтөбе қаласы үшін тазарту имараттары кешенін жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу
басталды. Әзірлеу мерзімі 2018-2020 жылдар, құны 348,0 млн. теңге;
- ЕҚДБ несие ресурстары есебінен "Тұрғынқалашық ауданының өздігінен ағатын
канализациясын қайта құру" нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді»;
- қала кәсіпорындарында ағындарды тазарту үшін жергілікті қондырғылар орнату
бойынша шаруашылық субъектілерімен жұмыс жүргізу. Нәтижесінде 85 өнеркәсіптік
кәсіпорындарда сарқынды суларды тазалауға арналған жабдық орнатылды, 136 қоғамдық
тамақтану кәсіпорындарында май ұстағыштар орнатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |