11. Жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу (ЖЖЖ) нәтижелерін
есептеу.
Практикалық жұмыс 1. Металл кесетін станокты монтаждауға және баптауға қатысу.
Жұмыс мақсаты: жаңа технологиялық жабдықты монтаждау және
баптау ережелерімен танысу.
Орындау тəртібі: - жаңа металл кескіш станокты монтаждау және баптау жұмыстарын
жүргізетін кәсіпорынды таңдаңыз;
- кәсіпорын басшылығынан монтаждау және баптау жұмыстарына
қатысуға рұқсат алыңыз;
- металл кесетін станокты монтаждау және баптау бойынша әрбір
жұмыс түрінің нәтижелері туралы жазбалар жүргізіңіз;
- металл кесетін станокты монтаждау және баптау бойынша
орындалған жұмыстар туралы қорытынды әзірлеңіз.
Практикалық жұмыс 2. Металл кесетін станокты монтаждау кезінде құрастыру жұмыстарына
қатысу.
Жұмыстың мақсаты: жаңа технологиялық жабдықты монтаждау
кезінде құрастыру жұмыстарын жүргізу қағидаларымен таныстыру.
Орындау тəртібі: - жаңа металл кесетін станокты монтаждау кезінде құрастыру
жұмыстарын жүргізетін кәсіпорынды таңдаңыз;
- кәсіпорын басшылығынан жүргізілетін құрастыру жұмыстарына
қатысуға рұқсат алыңыз;
- металл кесетін станокты монтаждау бойынша құрастыру
жұмыстарының әрбір түрінің нәтижелері туралы жазбалар жүргізіңіз;
- өз бетіңізше орындалған құрастыру жұмыстарын талдап, қорытынды
жасаңыз.
Бақылау сұрақтары 1. Технологиялық жабдықты монтаждау мен баптау технологиялық
процесі қандай жұмыс түрлерін қамтиды?
2. Технологиялық жабдықты монтаждау кезінде жүргізілетін құрастыру
жұмыстарын сипаттаңыз.
3. Бөлшектер мен тораптардың өзара орналасуындағы ауытқулардың
себептері, қажетті саңылаулардағы немесе тартулардағы ауытқулар.
4. Технологиялық жабдықты құрастыруда талап етілетін дәлдікке қол
жеткізу әдістері.
5. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру кезінде қандай жұмыстар
атқарылады?
6. Технологиялық жабдықты монтаждау функцияларын сипаттаңыз.
7. Станоктарды жайғастыру орны қандай талаптарға сәйкес келуі
керек?
8. Станоктарды орнату үшін қолданылатын іргетас түрлері.
9. Станоктарды іргетасқа орнату және бекіту нұсқалары.
10. Станокты орнату кезінде тексеру.