Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


 Бөлшекті дайындау жобасы және оны механикалық өңдеу



Pdf көрінісі
бет56/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

 
2.2.3 Бөлшекті дайындау жобасы және оны механикалық өңдеу 
процесстері 
 
Жобалаудың негізгі кезеңдері.
 
Өндірістің әрбір түрі бөлшектерді жасаудың өзіндік бағыттарымен 
сипатталады. Жаппай және үлкенсериялы өндіріс үшін әдетте, 
технологиялық процессті әзірлеу келесі тәртіппен жүргізіледі [12]: 
- өндіріс түрін анықтайды; 
- өндіріс түріне және жасалатын бөліктің құрылымдық ерекшеліктеріне 
сәйкес дайындаманың ұтымды формасын таңдайды; 
- бөлшекті өңдеу маршрутын белгілейді; 
- технологиялық операцияларды орындауға еңбек және материалдық 
шығындарды барынша азайтуға мүмкіндік беретін металл кесетін 
станоктарды таңдайды; 
- әр технологиялық операцияда дайындаманы орнату және бекіту әдісін 
анықтайды; 


68
- қажетті әмбебап саймандарды таңдайды немесе арнайы саймандардың 
әрекеттік схемаларын әзірлейді; 
- әрбір операцияға немесе жеке «ауысуларға» технологиялық эскиздер 
жасайды; 
- технологиялық операцияны оның қажетті ұсақ элементтеріне (орнату, 
ауысу, позиция) бөледі; 
- стандартты кескіш аспаптардың түрі мен өлшемдерін белгілейді 
немесе кескіш бөлігінің материалын көрсете отырып, арнайы кескіш 
аспаптардың құрылымдық эскиздерін жасайды; 
- технологиялық операцияларды орындауға арналған көмекші 
аспаптарды таңдайды (қажет болған жағдайда); 
- бөлшектің өңделетін беттерін бақылау әдісін және стандартты немесе 
арнайы өлшеу құралын таңдайды; 
- операцияға майлау-салқындату сұйықтығын белгілейді (қажет болған 
жағдайда) ; 
- кесу режимдерін және операция элементтеріне техникалық уақыт 
нормасын белгілеу үшін есептік деректерді анықтайды; 
- операцияның барлық «ауысуларына» өңдеу режимдерін есептейді; 
- бұйымды механикалық өңдеудің технологиялық карталарын және 
техникалық бақылау карталарын ресімдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет