Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


Бөлшекті жасаудың технологиялық маршрутын жобалау



Pdf көрінісі
бет58/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

Бөлшекті жасаудың технологиялық маршрутын жобалау.
 
Бөлшекті жасаудың технологиялық маршруты деп жабдық түрін таңдай 
отырып, технологиялық операцияларды орындау ретін (немесе типтік немесе 
топтық технологиялық процесс бойынша операциялардың орындалу ретін 
нақтылау) айтады. Технологиялық маршрутты жасау кезінде әдіптер мен 
кесу режимдері есептелмейді, сондықтан ұтымды маршрут стандартты және 
топтық өңдеу әдістеріне сәйкес анықтамалық мәліметтер мен нұсқаулық 
материалдарды қолдана отырып жасалады. 
Бөлшектің конструкциясына, оның өлшемдеріне, дәлдігіне қойылған 
талаптар мен шығару мөлшеріне байланысты технологиялық маршрут
түрлері өте көп.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда, бұл жұмыс келесі үлгілік схемасы 
бойынша орындалады. 
1. Біріншіден, бөлшекті жасау процесін дөрекі, таза және аяққы өңдеу 
операцияларына жіктеу мүмкіндігін анықтайды. Бұл жұмыс осы бөлшектің 
әртүрлі беттерін өңдеу бағытын белгілеу үшін әзірлемелерді қолдану арқылы 
жүзеге асырылады. 
2. Өңдеуден кейін дайындаманың деформациясының әсерін азайту 
үшін ажарлау операциясын орындаған жөн. Алайда, егер дайындама қатты 
болса және өңделген беттер ұзындығы бойынша маңызды болмаса, онда 
мұндай бөлшектеу қажет емес.
3. Аяққы өңдеу жұмыстары, әдетте процесстің соңғы сатысында жүзеге 
асырылады. 
4. Операцияларды қалыптастыру кезінде беттердің белгілі бір тобы, 
оларға іргелес жатқан шеткі беттер бірнеше позицияда өңделетіндігін ескеру 
қажет. 
5. Доңғалақтардың тістерін өңдеу, ойықтарды кесу, ойықтарды өңдеу, 
көп шпиндельді «головкалар» көмегімен тесіктерді бұрғылау, т.б. өңдеу 
түрлерін жекеленген операциялар түрінде қарастырады. 
Операцияларды қалыптастыру кезінде мыналарды ескеру керек: 
- бірінші кезекте екінші, мүмкін одан кейінгі кейінгі механикалық 
өңдеу операцияларында орнату базасы ретінде қолданылатын беттерді өңдеу 
қажет; 
- термиялық немесе химиялық-термиялық өңдеудің болуы. 
6. Технологиялық маршрутты қалыптастыру кезінде қолданылатын 
жабдықтардың түрлері белгіленеді (токарлық станок, фрезерлік, бұрғылау 
станогы және т.б.). 
7. Қалыптасқан технологиялық маршрутты дайындаманы базалау 
схемасы, өңделетін беттер қалың сызықпен белгіленген операциялық 
эскиздер түрінде рәсімделеді. 
8. Технологиялық процесстің маршрутына екінші реттік операциялар 
да (бекіту тесіктерін өңдеу, фаскаларды кесу, қабыршақтарды тазарту, жуу 
және т.б.) енгізеді, сондай-ақ бақылау операцияларының реттік орнын 
көрсетеді. 
9. Қабылданған шешімдерді бағалағаннан кейін қажетті түзетулер 
енгізіледі. 
Бөлшекті дайындаудың технологиялық процесін жасау үшін келесі 
бастапқы мәліметтер қажет:
- бөлшектің жұмыстық сызбасы; 
- бөлшекті дайындауға қойылатын техникалық талаптар
- дайындаманың жұмыстық сызбасы; 
- дайындалатын бөлшектің партиясының мөлшері; 
- қолданылатын металл кесетін станоктардың паспорттық деректері.
Бөлшекті дайындаудың ұтымды технологиялық процесін жасау үшін 
бөлшек пен дайындаманың сызбаларымен, осы бөлшекке қойылатын 
техникалық талаптармен танысу қажет.
Бөлшекті жасаудың технологиялық процесін жобалауда өндіріс түрі 
мен қолданылатын жабдықтарға байланысты бірқатар ерекшеліктер болады: 
- жекеленген өндірісте бөлшектерді дайындаудың технологиялық 
процесі әмбебап жабдықтарға, саймандарға, кескіш және өлшеу аспаптарына 
арналып жобаланады;
- сериялық өндірісте бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесі 
сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) металл кесетін станоктарды, 
жартылай автоматтарды, әмбебап-құрастыру және баптау саймандарын 
қолдануға икемдеп жобаланады; 
- жаппай өндірісте бөлшектерді дайындаудың технологиялық процесі 
өнімділігі жоғары арнайыланған және арнайы жабдықтарды, арнайы 
аспаптар мен аспаптарды пайдалануды ескере отырып жобаланады. 


70
Бөлшектің жұмыс сызбасына және партияның өлшемдеріне сүйене 
отырып, дайындаманы алу әдісі таңдалады. Жекеленген өндірісте дайындама 
әдетте сұрыпты болаттан кесіледі, ал сериялық және жаппай өндірісте 
құймалар немесе штамптар қолданылады.
Бөлшектерді станоктарда өңдеу үшін кесу режимдері есептеледі және 
тағайындалады, әр операция мен әр ауысудың уақыт нормалары анықталады.
Технологиялық құжаттама - бұл бөлшектерді жасаудың 
технологиялық процесін анықтайтын графикалық және мәтіндік 
материалдар. Технологиялық құжаттама технологиялық құжаттаманың 
бірыңғай жүйесінің (ТҚБЖ) және конструкторлық құжаттаманың бірыңғай 
жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына сәйкес әзірленеді және рәсімделеді.
Бөлшекті дайындаудың технологиялық процесі маршруттық және 
операциялық карталарды, технологиялық процесстің картасын, операциялық 
эскиздер мен технологиялық нұсқаулықтардың картасын қамтиды. Бөлшекті 
дайындаудың технологиялық процесін анықтайтын негізгі құжат 
маршруттық карта болып табылады. Онда барлық технологиялық 
операциялар үшін бөлшекті дайындаудың технологиялық процесінің 
сипаттамасы берілген және қолданылатын жабдықтар, кескіш құралдар, 
технологиялық саймандар, материалдық және еңбек стандарттары туралы 
мәліметтер келтіріледі.
Жекеленген және кіші сериялы өндірістерде технологиялық процесті 
егжей-тегжейлі 
сипаттау 
ұсынылмайды, 
қажетті 
технологиялық 
операциялардың реттілігін белгілеу жеткілікті.
Жұмыс бір түрі үшін маршруттық картаның орнына негізгі құжат 
ретінде технологиялық процесстің картасы жасалады. 
Технологиялық процесс егжей-тегжейлі әзірленген сериялық және 
жаппай өндірістер үшін операциялық технологиялық карта әзірленеді. Онда 
өтулер, кесу режимдері, кескіш аспаптар, саймандар және басқа да 
технологиялық 
құрал-саймандар 
туралы 
мәліметтер 
көрсетілген 
технологиялық операцияның сипаттамасы беріледі.
Операциялық эскиздер карталарында технологиялық процессті, 
операцияны немесе ауысуды орындау үшін қажетті эскиздер, схемалар мен 
кестелер болады. 
Технологиялық нұсқаулар бөлшекті жасаудағы тәсілдер мен 
процесстердің сипаттамасын, технологиялық құрал-айманды пайдалану 
ережелері мен бөлшекті дайындауға арналған басқа да нұсқауларды 
қамтиды. 
Бөлшектерді дайындауда негізгі технологиялық құжаттар ретінде кейде 
жинақ жиынтықты карталары, құрал-саймандар мен материалдар ведомосын 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет