Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет62/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

2. Тесіктерді өңдеу түрлері.
 
Машина бөлшектеріндегі тесіктер цилиндрлік, сатылы, конустық, 
пішінді болып келеді. Машина бөлшектерінде цилиндрлік тесіктер жиі 
кездеседі.
Тесіктерді металл жаңқаларын алып тастау арқылы және алып тастамай 
өңдеуге болады. Жаңқаларды кескіш жүзі бар және түрпілі аспаптар 
көмегімен немесе түрпілі ұнтақпен алып тастауға болады. 
Кескіш жүзі бар аспаптармен тесіктерді бұрғылау, зенкерлеу, ұңғылау 
кейде жұқалап кеңейтіп жону (алмазбае) операцияларын орындайды. 
Түрпілі аспаппен ажарлау, хонингтеу, суперфиништеу операциялары, 
ал түрпілі ұнтақпен тегітеу (жеткіз) операциялары жүзеге асырылады. 
Тесіктерді металл жаңқаларын алмай өңдеу жаншып-тегістейтін 
ұнтақтар мен шариктердің көмегімен калибрлеу арқылы жүзеге асады.
Тесіктерді алудың ең тиімді әдісі - оларды штамптарда тесу. 
Тесіктерді кескіш жүзі бар аспаппен өңдеу. Тесіктерді бүтін металлда 
бұрғылау арқылы алу. Алынған тесіктің ішкі бетін талап етілген кедір-
бұдырлығына байланысты одан әрі өңдеу зенкерлеу, ұңғылау, кеңейтіп жону, 
тарту арқылы жүзеге асырылады.
Құйылған немесе штампталған тесіктер алдымен дөрекі зенкермен 
өңделеді, содан кейін қажетті дәлдік пен кедір-бұдырлық қол жеткізу үшін 
таза зенкермен, ұңғымен, тартқышпен, т.б. өңдейді. 
Бұрғылау тесіктерді бұрғының көмегімен алу және өңдеу болып 
табылады. 
Спиральды бұрғы (2.32-сурет) жұмысшы бөлігінен, құйрықшадан және 
мойыннан тұрады. Бұрғының жұмысшы бөлігі өз кезегінде цилиндрлік 
(бағыттаушы) және кесу бөліктерінен тұрады.
Бағыттаушы бөлігінде кесу кезінде жаңқалар шығарылатын екі 
бұрандалы ойықтар орналасқан. Бұрандалы ойықтардың бағыты әдетте оң 
болады. Сол жақты бұрғылар өте сирек қолданылады. Бұрғының цилиндрлік 
бөлігіндегі ойықтардың бойында «ленточка» деп аталатын тар жолақтар бар.
Бұрғының кесу бөлігі бір-біріне белгілі бір бұрышпен орналасқан екі 
кесу жиектерімен қалыптасады. Бұл бұрыш «ұшындағы бұрыш» деп аталады. 
Оның мәні өңделетін материалдың қасиеттеріне байланысты. Қаттылығы 
орташа болат пен шойын үшін ол 116 ÷118° құрайды.
Бұрғының құйрықшасы бұрғыны бұрғылау станогының патронына
немесе шпинделіне бекітуге арналған және цилиндрлік немесе конустық 
болуы мүмкін. Конустық құйрықшаның ұшында «лапкасы» бар, ол бұрғыны 
ұясынан шығарған кезде тірек қызметін атқарады.
Бұрғының жұмысшы бөлігі мен құйрықшасын байланыстырып тұратын 
«бұрғы мойыны» ажарлау кезінде түрпілі «кругтың» шығуына ықпал етеді. 
Әдетте мойынға бұрғының маркасы белгіленеді.
 
Сурет 2.32. Спиральды бұрғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет