73
дәрежеде өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты, жаншып тегістеу үш
түрге бөлінеді:
-
калибрлеу - беттің өлшемінің дәлдігін арттыру және кедір -
бұдырлығын азайту үшін;
-
жаншып тегістеу – өңделетін беттің кедір-бұдырлығын азайту үшін;
-
əрлеу - материалдың беткі қабатының беріктігін арттыруға
бағытталған.
Бытырамен үрлеу процесінің мәні - өңделетін бетін пневматикалық
немесе механикалық жолмен болаттан немесе шойыннан өндірілген
бытырамен үрлеу арқылы соққылау. Осы өңдеудің нәтижесінде өңделген бет
тығыздалып қалады. Бытыраны үрлеуге арналған пневматикалық
құрылғылар құмды үрлейтін аппараттар секілді жұмыс істейді. Механикалық
құрылғыларда үлкен жылдамдықпен айналатын ротор болады, ол бытыраны
бөлшектің өңделетін бетіне қарай лақтырады.
Достарыңызбен бөлісу: