92
•
мектепке дейінгі жаста балалар
басты нәрсе мен қосалқы
нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
•
оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасын-
да болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін
дұрыс қабылдауын
қамтамасыз етудің қажеттілігі;
•
мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық,
үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі,
процестің жоғары
эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал
сияқты
факторлар ерекше маңызды;
•
зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі
балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің
аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын,
әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын
анықтайды;
•
психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы
оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
- кіші жаста оқу-танымдық тапсырмаларды
педагог сатылап
(қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
- сезімнің оянуының тежелуден артықшылығы тапсырмаларға
қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым
тапсырмалардың санын арт-
тыру қажет екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: