146
Бірігіп ойдан шығаруды белгілі сюжеттерді ептеп өзгерту арқылы
бастауға ұсынылады. Тәрбиеші бірте-бірте балаларды таныс сюжеттің
неғұрлым күрделі өзгерістеріне жетелейді. Ал кейін – жаңаны бірге ойлап
табады.
Мұндай жұмыс үшін белгілі ертегілердің сюжеттері қолайлы.
Оқиғаның жалпы мағынасы сақталады, тек қана кейіпкерлердің істерінің
нақты жағдайлары өзгертіледі. Барлық ертегілердің жеткілікті түрде
айқын кестелері бар:
•
басты кейіпкер іздеп жолға аттанатындай қандай да бір затты табу
туралы ой
келді;
•
кейіпкер сиқырлы құралдың иесімен кездеседі және оны алу үшін
сынақтан өтеді;
•
кейіпкер сиқырлы құралды алады, соның көмегімен керекті
объектісін алады;
•
кейіпкер қолында іздеген объектісі бар қарсыласын тауып алады
да, негізгі сынақтан өтеді (қарсыласымен соғысады);
•
кейіпкер қарсыласын жеңеді де,
іздеген объектісін алады;
•
кейіпкер үйіне қайтады, келіп тиісті сый-сияпатын алады.
«Ханзада және сұр қасқыр» ертегісінің мысалында сюжеттік-
рөлдік ойынды ұйымдастыруды қарастырайық. Ханзада жалын-құсқа
емес, жаңа жыл шыршасына баруына болады,
сұр қасқырды емес,
періні кездестіреді, сиқырлы домалақшаны емес, тышқан-жолбасшыны
алады. Сиқырлы тышқанның көмегімен ол шыршалар Еліне келеді.
Шыршаларды алып дәу күзетеді, онымен соғысу керек.
Жауын жеңіп,
кейіпкер ең сұлу шыршаны алып келеді. Ол патшалықта мерекелейді,
сыйлыққа ұшатын жаңа машина және т.б. алады. Ертегіні түрлендіргенде
балаларға бұрыннан белгілі таныс ертегілер, өмірден тарихи материал-
дар, фильмдер пайдаланылады.
Балаларға ертегінің жалпы схемасы берілмейді, ол ойдан
шығарылатын ойынды ұйымдастыру үшін тәрбиешіге керек, олай болма-
са ойын оқу есебіне айналып кетеді. Ойдан шығарылған ойындарда ба-
лалар бірін-бірі тыңдауға, серіктесінің әңгімесін жалғастыруға үйренеді.
Ертегіні өзгертуді бас кейіпкерден бастау керек, содан соң басқа өзгерістер
енгізіледі.
Ойын 10-15 минутқа созылады. Балалардың санын екіден үшке дейін
көбейтуге болады. Тәрбиеші ойынды эмоционалды түрде жүргізуі керек.
Мұндай ойындарға байқаушылар қатысады, олар аздап білік алады. Ертегі
сюжеттерінен өмірдегі нақты оқиғаларға көшуге болады.
Алған білігін
бала оны қисынды өзгертіп, түрлендіріп өзі ойнағанда пайдаланады.
147
Сонымен, Н. Я. Михайленко мен Н. А. Короткованың әдістемесіне
сүйенсек, мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны алуан түрлі,
белсенді, шығармашыл, дамытушы іс-әрекет болып табылады. Бұл
жағдайда ол өзіне тән барлық функцияларды атқарады және балаларды
оқытуда, тәрбиелеуде және дамытуда, бала өмірінде өзінің тиісті орнын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: