145
арақатынастарын нақты көру әрбір баланың тәжірибесін молайтады.
Педагог ойынның сюжеттік-рөлдік ойынды дамытудың бұл
кезеңінде көптеген балалармен рөлдік қатынасқа түседі,
рөлдік диа-
логты белсенділендіреді, балаларды бір-бірімен
рөлдік қатынасқа
«енгізеді». Ойын еркін импровизациялық сипатта болады. Тәрбиешінің
әрбір баламен және кіші топтармен ойыны икемді рөлдік болмыс пен
рөлді ауыстыруға себепші болады, балалардың
өздігінен ойнаулары-
на әжептәуір сілкініс береді. Ойында бала құрбыластарымен келісімді
әрекеттер жасап қана қоймайды, ойлап тапқан серіктесімен, серіктес-
ойыншығымен рөлдік диалогты модельдейді. Балалар айқындалған
ойын рөлдерін кеңінен және
шығармашылықпен пайдаланады,
ойыншықтармен, заттармен-ауыстырушылармен шартты амалдар
орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: