Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет285/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   446
226 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
болса керек. Ал балбал тастағы әйел бейне-
сінің басына ‰ш м‰йіз тәріздес ‰ш айрық бас 
киім кигізілуі сол өңірдегі ‡ч с‰р‰ «трехрогая 
Белуха» атты таумен байланыстырылады. Ол 
тауды шаман дініндегі т‰ркілердің қасиетті 
санауы, халық арасында ‡ч с‰р‰ тауының иесі 
Ымай/Умай т‰сінігінің қалыптасуы этнограф 
ғалымдарды Ымай мен ‡ч М‰ст‰ Бай Оны бір 
образ, ол таудың иесі, сол тауды мекендейтін 
аң-құстардың киесі, көне т‰сінік-таным бойын-
ша балбалтастағы Ұмайдың бас киімінде ‰ш 
шыңнан тұратын таудың символикалық бей-
несі кескінделген деген тұжырымға әкеліп 
отыр [3, 231,232 бб.]. С.Қондыбай кейбір зерт-
теушілер Умай образын иран мифологиясын-
дағы көлеңкесін т‰сіру арқылы адамға бақыт 
әкелетін Хумай/Құмай деген құспен байла-
ныстыратынын айта отырып, өз пікірін білді-
реді: “Скорее всего, наоборот, генетический 
образ птицы Кумай восходит к образу древ-
нетюркской богини Умай – прародительницы 
всего живого, олицетворению плодоносящего 
начала в мире. В древнетюркском языке слово 
умай означало также послед роженицы, а, 
согласно казахским поверьям, послед (пла-
цента, казахск. жатыр, жолдас, перде) счи-
тался двойником новорожденного, его близ-
нецом. В этом соответствии отражены пред-
ставления о двойственности природы Ие-Ма” 
[2, 131 б.]. Көне т‰ркілер д‰ниетанымындағы 
Ұмай анаға деген ‰лкен құрмет «Тәңірі мен 
Ұмай арасындағы жұбайлық сипаттағы қа-
рым-қатынас жайлы аңыз-афсаналар негізінде 
қалыптасқан» деген көзқарастар да бар [5, 133 
б.].
‡ІІ-ІХ ғасыр т‰ркі жазба ескерткіштері 
тілінен көне т‰ркілер танымындағы Умай бей-
несінің сакральды сипаты айқын көрініс тап-
қан. Мысалы: On jaљta Umaj teg цgьm qatyn 
quutyŋa inim Kьl-tigin er at boldy. Alty Jigirmi 
jaљyŋa ečim qaγan ilin tцrьsin anča qazγandy. 
Alty čub soγdaq tapa sьledimiz, buzdymyz. 
Tabγač oŋ-tutug biљ tьmen sь kelti. Sьŋьљdimiz 
«Он жасында Ұмай тектес шешем қатынның 
құтына (бағына) інім К‰лтегін ер атанды. Он 
алты жасында Ағам қағанның ел-жұртын
сонша меңгерді. Алты баулы соғдаққа қарсы 
соғыстық, талқандадық. Табғач Оң тұтұқтың 
елу мың әскері келді. Соғыстық.» (КТ‰) [6, 
179 б.] деген сөйлемнен т‰рілердің ананы, 
д‰ниеге ақылды да ерж‰рек ұл әкелген хан 
әйелдерін т‰ркілер Ұмайға теңегенін, батыр 
ұлдың өсуіне жағдай жасаушы кие ретінде 
танығанын аңғарамыз. Ал Тониқук ескерткіші 
мәтініндегі Kelmisi alp tedi, tujmady. Teŋri 
umaj jer sub basa berti erinč. Neke tezerbiz? 
Ьkьs tejin neke qorquur biz az tejin, ne 
basynalym? Tegelim tedim. Tegtimiz jajdymyz. 
Ekinti kььn kelti. Цrtče qyzyp kelti. ьŋьsdimiz. 
Bizinte eki učy, syŋarča artuq erti. Teŋri
jarylqaduq ьčьn ьkьs tejin «Келгені – батыр 
дедім. Т‰сінбеді. Тәңрі Умай, қасиетті Жер-
Су. Жеңіс сыйлай берген екен. Неге қашамыз 
көп (екен) деп. Неге қорқамыз азбыз деп,Неге 
басындырамыз, тиіселік, дедім.Тиістік, қудық. 
Екінші к‰н (тағы) келді.Өртше қызып келді, 
Соғыстық. Бізден екі шеті жартылай артық еді 
Тәңрі жарылқағаны ‰шін көп деп біз» (Тон, 
38,39,40) [7, 111 б.] деген мәнмәтіннен Умай-
дың жауынгерлердің қорғаушысы, к‰ші өзде-
рінен артық қарсыластарына төтеп беретін 
қуат беруші, жеңіс силаушы қасиеті көрінеді. 
Ұмай культі Саян-Алтай өңіріндегі ислам 
дінін қабылдамаған т‰ркі халықтарының д‰-
ниетанымында әлі де кеңінен орын алған. 
Шор халқы сәбидің д‰ниеге келген кезінен 
бастап, ж‰ріп сөйлей алатын кезеңіне дейін 
қорғап ж‰ретін пірі санайды және баланың 
кіндігі Пmaj деп аталады. Сiбiр т‰ркiлерi 
нәресте ұйықтап жатып к‰лсе Ымаймен сөй-
лесіп жатыр деп, жыласа Ымай уақытша ба-
ланы тастап кетіп қалды деп т‰сінген. Құман-
дылар арасында Ұмай нәресте анасының құр-
сағында жатқан кезден бастап б‰кіл өмірінде 
желеп-жебеп ж‰реді деген т‰сінік қалыптас-
қан [4, 271 б.]. Ислам дінін қабылдағанына он 
ғасыр болған Орта Азия т‰ркілерінің д‰ние-
танымында да Ұмай культінің іздері сақтал-
ғанын аңыз әңгімелерде, фразеологиялық-
паремиологиялық ж‰йеде сақталған тілдік 
деректерден, салт-дәст‰рге қатысты лексема-
лардан аңғаруға болады. 
Қазіргі т‰ркі халықтары мифологиясынан 
Ұмай ұғымының көп қырлылығын, әмбебап-
тығын байқауға болады. Т‰ркі халықтары д‰-
ниетанымында Ұмай Ананың сәбидің аман-
есен д‰ниеге келіп, денсаулығы жақсы болып 
өсуіне, өнер адамдары ісінінің сәтті шығуына, 
аңшылардың олжамен оралуына, жауынгер-
лердің жеңіспен оралуына, отбасының береке-
ынтымағына, жалпы адамзаттың өсіп-өркен-
деуіне септігін тигізетін, адамзат игілігіне 
жарататын аң-құстардың, ‰й жануарларының, 
орман-тоғай, жалпы өсімдік әлемінің, таудың 
киесі саналған жиынтық культке айналуы ал-
ғашқы қауымдық құрылымдағы матриархат-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет