Мектеп жүйесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата10.10.2022
өлшемі0,97 Mb.
#42093
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
a207d09e6e8be4437c84a30c938503d7

№6 лекция тақырыбы. Онлайн және офлайн режимдерінде 
оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері 
Әлемдік білім-ғылым кеңістігінде қашықтықтан оқыту 
жүйесі қарқынды түрде дамып келеді. Қашықтықтан оқыту 
жүйесі – қазіргі таңда оқу-ағарту саласында білім алушының өзін-
өзі өсіру мен тұлға ретінде дамытуға мүмкіндік беретін сала. 
Біздің елімізде қашықтықтан оқыту жүйесі жаңадан қанат жайып 
келе жатқан білім беру саласындағы инновациялық бағыт болып 
табылады. Қашықтықтан оқыту саласы бүгін ғана пайда болған 
оқу үдерісі емес. Қашықтықтан оқыту үдерісі – қазіргі уақытта 
күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа оқу бағдарламасы. 
Офлайн білім дегеніміз – балабақшадан бастап, жоғары оқу 
орыны, институт секілді арнайы білім жетілдіретін орындарда 
дәріс алу, тәжірибе алмасу. Бұл білім жүйесінде, негізінен, қағаз 


15 
бен қалам серігіңіз. Дәріс беретін ұстаз қасыңыздан табылып, 
бәрін түсіндіруге және сізден түсінген дүниені қайта айтып беруді 
талап етеді. 
Офлайнның артықшылықтары: 
- Оқытушымен шынайы байланыс, эмоционалдық байланыс 
бар; 
- Оқытушы сабақ оқуға мотивация берумен болады 
(қорқытып болсын); 
- Онлайн үйрете алмайтын сабақ пен дағдылар болуы мүмкін, 
мәселен, актерлік шеберлік, ән айту, би билеу, т.б. 
- Тәжірибені көзбе-көз, қолма-қол түрде беруге болады. 
Онлайнның артықшылықтары: 
- Бағасы арзан; 
- Уақытты үнемдеуге септігі көп: ғаламтор бар жер болса 
болғаны, алысқа барудың қажеті жоқ; 
- Сабақтың түсінбей қалған жерлерін қайталауға, табуға 
оңай. Топпен жұмыс кезінде түсінбей қалатын жерлер көп 
болады; (әсіресе, тұйық оқушылар тақырыпты түсінбесе де 
үндемей отыра береді) 
- Еркіндік бар, қалаған уақытта оқып, қайталап, сабақ 
үйренуге болады. 
 
Ұсынылған әдебиеттер: 2,6,8,10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет