Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет130/193
Дата10.10.2022
өлшемі4,5 Mb.
#42207
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   193
көңіл жырту метафорасы мына жолдарда беріл-
ген: könül jïrtï jas tökti iki közi это разорвало его 
сердце, и из обоих его глаз потекли слезы 
(QBN138
1
). Көне түркі сөздігінде jïrt сөзінің 
мына мағыналары көрсетілген: 1. Рвать; 2. Перен. 
рвать, разрывать (о сердце) [4, 268] 
Жүсіп метафорасында жан-жануар, ағаш, 
тұрмыстық-салт, абстрактілі лексика да кез-
десіп отырады. Бейнелі метафораға бөрі, қозы 
сөздері жатады. Мысалы бейбітшілік өмірді бөрі 
мен қозының бірге жүруіне ұқсатады: acunluγ 
belinkä batï qut qurï / qozï birlä qatlïp jorïdï böri / 
елге құт қонып бақытқа кенелді / қозы мен бөрі 
бірге жүрді (ҚБГ 47
36
) [8, 6]. Ақыл-дос бейнелі 
метафора Құтты біліктің 35

жолында қолда-
нылған: uqus ol saŋar edgü andlïq adas ақыл – ол 
саған ант берген мейірімді досың (ҚБН 35
3
) [4, 
9]. 
Сондай-ақ Жүсіп бəйіттерінде қызды «құс-
қа», оның ішінде «аққуға» балайды. Метафора 
əлемді танудың үлгісі, сондықтан ауысулардың 
жаңа түрлері Орхон-Енисей ескерткіштері үлгі-
сімен жасалғандай көрінеді. Жүсіптің тілдік 
шеберлігіне əсер етуші фактордың бірі көне 
түркілік мол білім екені байқалады. Сол себепті 
кейде көне ескерткіштер сабақтастығы метафо-
ралық қолданыстарда көрініс тауып отырады.
Метафораға негізделген эпитеттер де бар-
шылық. Мəселен, acïγ söz/aшты сөз (адам жаны-
на бататын сөз, қатты сөз) эпитеті жұмсалған:
tügük jüz acïγ söz kisig tumlïtur қатал жүз ашы 
сөзді адам түңілдіреді (ҚБГ 94
31
) [4, 4]; ата 
сөзі – қант шекер бейнелі метафорасы 5150 жол-
да жұмсалған:
Өсиетін айтты атаң кетерде, 
Ата сөзі – тұтсаң – қант, шекер де! (ҚБ 
5150). 
Сондай-ақ аш бөрі, ұзын тонлы метафора-
лары да сəтті қолданылған.   
Сені қалың аш бөрілер торып жүр, 
Ей, ел ері, қойды қатты қорып жүр (ҚБ 5160).
Ұзын тонлы, жатпа, табын құдаға, 
Күнəңді жу күн-түн тынбай, шыда да! (ҚБ 
6555). 
Білімді теңізге балайтын метафора да кезде-
седі: negü ter esitgil aj bilgi tenis / послушай,
что говорит тот, у кого знание [словно] море 
(QBN359
10
) [4, 285]. 
Ессіздікді отқа балайды: essizlik ot ol ot 
köjürgän bolur / jolïnda kecig jok зло – огонь, 
огонь жжет, на его пути нет прохода (QBN30
11
). 
Кейде метафоралар антоним сипатында келеді: 
uqussuz ölüg ol ukuslug tirig / uqus munca tenlig 
adirtlar erig неразумный – мертвый, разумный 
живой / подобным образом разум разделяет 
людей (QBN91
10
) [4, 12]. Бұл жерде ақылсызды 
– өлікке, ақылдыны – тіріге ұқсатады.
Символ да метафора сияқты тілдік тұлға-
ның тіліндегі ұлттық мəдениеттің көрсеткіші 
ретінде көрінеді. Символдық таңба – лингво-
мəдениеттану мен когнитивті лингвистиканың 
зерттеу нысандарының бірі. Символ тілдік тұл-
ғаның тіліндегі біріккен ой жүйелерін көрсетіп, 
бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық 
мəнді халқымыздың дəстүрлі ұғымдарын біл-
діретін сөздерден іздеуіміз керек. Символды 
зерттеуші Қ.Қайырбаева бұл туралы: «Сөз – 
символ жазушының айтпақ ойын дөп басып 
шығарманың бейнелігін арттыру үшін қажет. 
Сөз – символдарды ғалымдар əр түрлі қырынан 
зерттеген: рухани мəдениет пен материалдық 
мəдениетке қатысты [Е. Жанпейісов, Ж.А. Ман-
кеева], түр-түс атауларының символдық мағы-
насы [Ə.Т. Қайдаров, З.Т. Ақтамбердиева], сим-
волдық мəні бар фразеологизмдер сипаты [Р. 
Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліг» шығармасы тіліндегі троп түрлерінің қолданысы 


154
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
Сыздық, Г. Смағұлова, Н. Уəлиұлы], сұлулық 
символизмдер [А.Қ. Сейілхан], символдың ког-
нитивтік сипаты [Қ.Ə. Жаманбаева], этномə-
дени атаулар символы [Қ.Т. Қайырбаева] т.т.
Ақ, қара түстері символикалық мəнге ие бо-
лады. Ақын «ақ» түспен жақсылықты, «қара» 
түспен жамандықты таңбалайды. Ж. Баласағұн-
ның танымы, түркілік рухы бұрын қалыптасқан 
символдар мəнінен айқын байқалады: 
Заң-жосықтың бəрі өзгеріп, құрыпты 
Ақ-қараны айырмастай былықты! (ҚБ 6490). 
Ақ «таза, пəк» мағынасына ие: 
Көз қырыңнан жаппар ием, қалдырма, 
Сыртқа теппе, ақпын сенің алдыңда (ҚБ 6560). 
Сондай-ақ ақ сөйле / шын сөйле бейнелі ора-
лымы мына жолдарда көрініс тапқан: 
Бірінші – тіл: ақ сөйле, айт ашығын 
Екінші – заң: ұстан адал, асылын! (ҚБ 5900). 
Üс adaqlïq / үш аяқты (заттар) метонимиясы 
Құтты біліктің Герат нұсқасының 42
15 
жолында 
ұшырасады: qamuγ üc adaqlïγ emitmäz bolur бар-
лық үш аяқтылар теңселмейді (ҚБГ 42
15
) [4, 9]; 
qamug üс adaqlïq köni tüs turur барлық үш аяқ-
тылар (заттар) дұрыс түзу тұр (ҚБН 68
3
). 
«Құтадғу біліг» шығармасында эпитеттер 
қолданысы да байқалады. 
Алып, құрыш жүрек кісілер күрделі эпитеті 
қолданылған:
Бірі – алып, құрыш жүрек кісілер
Қылышымен елге пайда түсірер (ҚБ 5910). 
Сондай-ақ қанды жас эпитеті мына жол-
дарда берілген: 
Текке өткен тірлігімді сағынып, 
Көзден қанды жасым ақты қамығып! (ҚБ 
6530). 
Тура жол «адал жол» эпитеті қолданылған:
Адалдықтан еш айныма, тура бол 
Бар тілекке жеткізеді тура жол (ҚБ 6085). 
Тура сөйле, адал сөздің кіді жоқ, 
Жаман жанның сөзі жалған, тілі шоқ (ҚБ 
6090).
Қолы ашық «жомарт» эпитеті мына жолдар-
да берілген:
Үшінші – елге қолың ашық, сақи бол, 
Жаныңды қос, жұртпен мəңгі бақи бол! [ҚБ 
5900].
Жаудың мойнын ию «жауды бағындыру» 
фразеологизмі мына жолдарда көрініс тапқан: 
Төртіншісі – керек қуат, қайсарлық 
Жаудың мойнын иіп, тегіс жайпарлық! (ҚБ 
5905) 
Қорыта айтқанда Жүсіп Баласағұнның «Құ-
тадғу біліг» шығармасы қазақ жазба əдебиеті-
нің тарихынан үлкен белесті орын алатын ұлт-
тық мұрамыз. Сондай-ақ ежелгі түркі тіліндегі 
классикалық поэзияның тұңғыш үлгісі. Фило-
софиялық толғамдарымен де, поэтикалық ой-
лау ерекшелігімен де шеберліктің ең үздігі 
ретінде бұл ауқымды шығарма сол дəуірдегі 
өнер өресін, көркемдік таным мен ой-сананың 
биігін аңғартады. «Құтадғу білік» тілінің троп 
түрлері арқылы орта ғасырдағы түркі танымы-
ның көркем жүйесін аңғара аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет