16
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
болады. А.В. Бондарко ФСӨ-тің дамуы катего-
риялық жағдаятқа байланысты екенін анықтап,
оны жеке теория ретінде қарастырады.
Оның сипаттамасында, категориялық жағ-
даят:
а) белгілі бір семантикалық категорияларға
негізделген жəне сонымен ФСӨ құратын;
ə) айтылым арқылы берілетін жалпы жағ-
даяттың бір аспектісін категорияларының бірі
(аспектуалды, темпоралды, модальді, локатив-
ті) арқылы көрсететін типтік мазмұнды құры-
лым.
Категориялық жағдаят пен ФСӨ зерттелетін
тілдік құбылыстарды екі жақты сипаттайды.
Мұнда оның мазмұндық құрылымы айтылым-
мен бірлікте қарастырылады. Мазмұндық құры-
лым қандай да бір грамматикалық тұлғаға (шақ,
рай жəне т.б.) байланбайды, керісінше айты-
лымның түрлі құралдарымен байланыста бо-
лады. Категориялық жағдаяттың айтылым маз-
мұнында басымдық танытуы айтылымның (сөй-
лемнің) түріне, мазмұндық белгілеріне байла-
нысты. Мысалы, сөйлем (айтылым) тұрмыстық,
посессивтік, квалитативтік, компаративтік т.б.
болуы мүмкін.
Семантикалық категориялардың қиысуы
(өріске қатысты) КЖ–қа сай түйіседі. Мысалы,
аспектальды-таксистік, аспектальды-модальдық
жəне т.б.
«Сөйлеу негізінде тілдік бірліктердің негізгі
ақпараттық мазмұнын беретін бөлігі категория-
лық жағдаятқа жатқызылады. Категориялық
жағдаят бірнеше топқа бөлінеді. Олар «жалпы
жағдаят», «жекелеген жағдаят». Мысалы, «жал-
пы жағдаяттың» құрамында: а) модальдылық
(іс-əрекеттің айқындылығы);
ə) таксистік (бір мезгілде бірінен соң бірі
өтетін екі қимыл);
в) темпоралдылық
г) аспектуалдылық,
д) жақтылық (белгілі бір жақ) категория-
ларының семантикалық элементтерімен өзара
байланыста беріледі.
Ал, «жекелеген жағдаят»:
а) семантикалық категорияны білдіретін фак-
торлар;
ə) нақты сөйлеу сəтіне байланысты сигника-
тифті мағынасының белгілі бір аспектісін көр-
сетеді;
б) құрылымында етістік болады;
в) жағдаятқа қатысты сөз сөйлеуші түрлі
тілдік деңгейлерге сүйенеді» [5, 18].
Бүгінгі таңда функционалды грамматика
таза грамматикалық деңгеймен шектеліп қал-
майды, ол сөйлеу адресатына сүйене отырып,
коммуникативті жағдайға тəн негізгі (узуалды)
синтаксистік формаларды, сонымен қатар ком-
муникативті, құрылымды жəне басқа да белгі-
лерді де анықтайды. Қорыта келгенде, функ-
ционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын
зерттеп, оның қызметін жан-жақты зерттеу
қазақ тіл білімінде жаңа бетбұрысқа жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: