Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет19/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге

 
Астана қаласындағы № 65 мектеп-гимназияның тәжірибесі
Астана қаласындағы № 65 мектеп-гимназия 2010 жылы қыркүйекте 
ашылды, сонымен бірге Білім басқармасының бұйрығы бойынша бұл мектепке 
№ 58 орта мектептен есту мүшесі бұзылған балаларға арналған түзеу 
сыныбындағы оқушылары көшірілді. Осы санаттағы балаларды оқытуды 
ұйымдастыру үшін мектепте барлық жағдайлар жасалды: зақымданған есту 
функцияларын дамыту және дыбыстау қабілеттерін қалыптастыру үшін жеке 
және ұжымдық пайдалануға арналған арнайы есту-сөйлеу тренажерлары, 
арнайы сурдологопедтік бағдарламасы бар дербес компьютерлер сатып 
алынды. Қазіргі уақытта түзеу сыныптарында білім алатын балалардың 50% 
кохлеарногоимплант тағатын балалар, ол түзеу қолдауы дұрыс 
ұйымдастырылған жағдайда жоғалған есту функциясының орнын толтыруға 
мүмкіндік береді. 
Алғаш рет Қазақстанда 2010 жылдың қыркүйегінде сөйлеу және жалпы 
білім беру деңгейі жоғары 5 оқушы түзеу сыныптарынан жалпы білім беретін 
сыныптарға ауыстырылды. Осылайша 2 инклюзивті: 1-ші және 3-ші сыныптар 
құрылды. Балаларды ауыстыру туралы шешім ата-аналардың қалауымен, 


51 
мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиумның және ПМПК 
қорытындысының негізінде, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің қолдауымен 
қабылданды. Білім басқармасының бастамасы бойынша және тікелей мектеп 
басшылығының қатысуымен есту қабілеттері бұзылған және басқа да санаттағы 
балалар үшін жағдай жасау жұмысы бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. 2010-
2011 оқу жылының сабақтары басталар алдында мектепте «кедергісіз» орта 
құрылды: 3-ші қабатқа дейін лифт, мектеп ғимаратына кіретін, мектеп ішіндегі, 
асханаға және акт залына кіретін есіктер арнайы пандустармен жабдықталды, 
олар арбадағыларға ішке кедергісіз кіруге және жүріп-тұруға мүмкіндік береді. 
Ғимарат ішкі жағынан барлық мектеп рекреациялары мен дәліздері бойымен 
тұтқалармен жабдықталды, мектеп дәретханасы да қайта жабдықталды. 
Кабинеттерде арнайы парталар, вертикализатор мен арқасы көтеріліп-түсетін 
«Жираф» орындықтары бар, массажға, фитотерапияға және физиотерапияға 
арналған жабдық және балалар үшін дәрумендер сатып алынды. 
2011-
2012 оқу жылының басында есту қабілеттері бұзылған балаларға 
арналған түзеу сыныптарынан тағы 10 оқушы бастауыш және орта буындағы 
инклюзивті сыныптарға шығарылды. Сондай-ақ көру қабілеті бұзылған 1 
оқушы 7-сыныпқа және БЦП диагнозы бар 4 оқушы 1-сыныпқа қабылданды.
Әрбір жаңа оқу жылында инклюзивті және түзеу сыныптарындағы 
оқушылардың саны көбейіп келеді. Қазіргі кезеңде инклюзивті сыныптарда 96 
оқушы 49 сыныпта оқиды, олардың 20-сы – нейросенсорлық кереңдік 
диагнозымен, 76-сы ТҚАБ және БЦП-ның әртүрлі түрлерімен, сондай-ақ есту 
қабілеті бұзылған балаларға арналған 17 түзеу сыныптарында 134 оқушы
оқиды. 
Мектептің инклюзивті сыныптарында оқыту жалпы, сонымен қатар 
арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, олардың 
негізінде жеке білім беру бағдары құрастырылады. Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Орта 
білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң 
үлгілік қағидаларына сәйкес әрбір инклюзивті сыныпта ерекше білім беруге 
қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс (19-тармақ). Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 66-
тармағына сәйкес «сыныпта мүмкіндігі шектеулі балалар болған жағдайда 
сыныпты топтарға бөлу осындай әр балаға барлық оқушының санын үшке 
кеміту есебінен жүзеге асырылады». Бұл жағдайда бір оқушы қосылғанда 
сыныптың толықтырылуы 23 оқушыны, екі бала қосылса – 21 оқушыны 
құрайды. Ерекше қажеттіліктері бар әр балаға қатысты мұғалімдер оқыту 
процесінде жеке тәсілдер қолдануға тиіс.
Баланы және оның дара болу құқығын жоғары құндылық деп мойындай 
отырып, № 65 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы дамыту ортасын 
құру, айналадағы адамдардың «баланың ерекше әлеміне» көзқарасын өзгерту 
үшін жұмыс істеуде.
Дамуында ерекшеліктері бар балаларды біріктіру бойынша мақсатты 
бағытталған жұмыс оларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасап қана 


52 
қоймай, сонымен бірге дамуы қалыпты балалардың да әлеуметтік және 
эмоционалдық дамуын байытады.
Инклюзивті білім беру оқыту процесін дербестендіруге басты назар 
бөледі. Бұл санаттағы балалар коммуникативтік қабілеттерін дамытуға, сөйлеу 
дайындығын қалыптастыру мақсатында сөйлейтіндер ортасында тәрбиеленуге, 
түзеу психологиялық-педагогикалық көмекке мұқтаж. Ерекше қажеттіліктері 
бар балаларды жалпы білім беретін сыныптарда оқыту бұл балаларды қосымша 
педгогикалық қолдауды талап етеді.
Педагогикалық ұжымның және қолдау көрсету мамандарының жан-
жақты тынымсыз қызметінің нәтижесінде мектепте білім алушының 
қажеттіліктеріне қарай екі деңгейлі қолдау моделі қалыптасты..
Бірінші деңгей – оқушыны тәрбиешінің қолдауы (ТҚАБ мен БЦП әртүрлі 
түрлерімен ауыратын балалар үшін). Тәрбиешінің басты міндеті – балаға 
физикалық көмек көрсету, жүріп-тұруына, сыныпта, мектеп ғимаратында өзін 
сенімді сезінуге жәрдемдесу. Тәрбиеші қолдау көрсету функциясын атқарады. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы қолдаудың екінші деңгейі – 
оқушыны салалық маманның үнемі педагогикалық қолдауы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушы, сыныпта сабақта 
отырғанда, оқу процесіне шамасына қарай қатысады, сонымен бірге 
мүмкіншіліктері қаншалықты жетсе, тапсырмаларды да соншалықты 
орындайды. Оқушының белсенділік процесі қолдау көрсететін тәрбиешінің 
бақылауында болады.
Мектепте қолдау көрсететін тәрбиеші мен салалық маман мынадай 
функцияларды атқарады: 

мектеп әкімшілігі (оқу жылына, тоқсанға, айға, аптаға) бекітетін 
жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Жоспардың мазмұны таңдап алынған қолдау 
моделімен, білім алушы үшін айқындалған бағыттардың ерекшеліктерімен 
анықталады. Осы жоспардың негізінде алып жүруші тәрбиеші мен маман жеке 
және топтық жұмыстарды ұйымдастырады; 

күн сайын бақылау күнделігіне білім алушылардың қатысуы мен 
үлгерімінің есебін жүргізеді;

апта сайын оқушылардың оқытудағы үдерісін бақылайды, білім 
алушылардың табыстары мен орын алған қиындықтар туралы ата-аналарына 
хабарлайды, ата-аналар үшін кеңестер мен ұсынымдар (ауызша және жазбаша 
түрде) береді; 

тоқсанына бір рет оның функционалына сәйкес келетін оқушы 
портфолиосының бөлімін толтырады (оқу материалын меңгеру деңгейі, өзіндік 
жұмысқа даярлық дәржесі, сабақтарда және сабақтан тыс әрекетте белсенділігі, 
зерттеу және жобалау дағдыларын дамыту); 

тоқсан, жартыжылдық аяқталғаннан кейін алдын ала үлгерім 
қорытындыларын шығарады және оқушылармен бірге олқылықтар мен 
тапсыратын қарыздарды жою жоспарларын құрастырады; 

жартыжылдық, жылдық қорытындылар бойынша қарамағындағы білім 
алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау бойынша есеп ұсынады; 


53 

директордың жанындағы кеңестерде, ақпараттық кеңестерде, 
педагогикалық кеңесте атқарылған жұмыс пен оның нәтижелері туралы есеп 
береді.
Мектеп педагогтерінің есептеуінше, есту қабілеті бұзылған балаларға 
арналған инклюзивті және түзеу сыныптарындағы балалардың колледждер мен 
ЖОО-ларда оқуын жалғастыру мүмкіндігі интеграцияланған және инклюзивті 
білім берудегі маңызды жетістіктердің бірі. Бұл бағытта мектеп әкімшілігі 
бүгінгі күні Гуманитарлық колледжбен, Менеджмент және бизнес колледжімен, 
«Шабыт» өнер колледжімен ынтымақтастық орнатқан. «Ана құшағы» қоғамдық 
қорымен бірлесіп, «Инклюзивті қоғам» жобасы әзірленуде, оның мақсаты 
ТҚАБ және БЦП балалардың техникалық және кәсіптік білім алуы үшін 
жағдайлар жасау, елорда колледждерінде олар үшін қажетті бөлімшелер ашу.
Инклюзивті білім беруді дамыту - инклюзивті қоғамға жасалған алғашқы 
қадам. Қазіргі таңда адамзат қызметінің барлық салаларына инклюзияны енгізу 
және оны дамыту бойынша жұртшылықтың күшеюі байқалады. Инклюзивті 
білім берудің проблемалары негізінен жақында ғана зерделеу нысаны болып 
табылған білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдар болып табылады, 
қазір көптеген әлеуметтік институттар да ерекше бақылау назарына ие бола 
бастады.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар 
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға сапалы білім беру қызметтерін 
көрсетуді қамтамасыз ету проблемаларын шешуге белсенді қатысуда. Олардың 
өкілдері үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-
әрекет ету байланыстарын орнатуға қатысады, жұртшылықты қатыстыра 
отырып, ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді, көптеген жобаларды іске 
асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет