57
Ресурстық бөлменің кіші супервизоры халықаралық стандарттарға сәйкес
ВСВА немесе ВСаВА (ВАСВ комиссиясының сертификатын алған мінез-құлық
талдаушысының ассистенті) деңгейінде мінез-құлықты қолданбалы талдауды
білуі тиіс және аутизмді балалармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек.
3) Ресурстық бөлменің педагогі (мұғалім) (ҚМТ-ның тұжырымдамасын
білетін арнайы педагог) – ресурстық бөлмеде көмек алатын балалардың оқуын
ұйымдастыруға жауап береді. Оның міндеттері өте ауқымды: оқытудың жеке
бағдарламаларын құрастырады; бағдарламада көрсетілген (нақты
дағдыларға
қалай оқыту керек екенін көрсетеді) әрбір мақсат үшін сабақ жоспарларын
жасайды; баланың ілгерлеушілігін талдайды; бағдарламалар мен сабақ
жоспарларын жетілдіреді; бағдарламалар,
сабақ жоспарлары, оқыту әдістері
бойынша ассистенттерге тренингтер өткізеді; ассистенттердің жұмыстарына
мониторинг жүргізу мен түзетуді жүзеге асырады. Сонымен қатар, педагог
балаларды жалпы білім беретін бағдарламаларға
қосу жоспарын әзірлейді,
әрбір дағды бойынша балалардың ілгерлеушілігі туралы есептер дайындайды,
балалардың құжаттарына жауап береді, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды.
4) Ресурстық бөлменің ассистентінің (тьюторы) ҚМТ аясында базалық
жұмыс тәжірибесі, аутизмді балаларды дамытудың ерекшеліктерін түсінетін
теориялық аспектіде базалық білімі болуы тиіс. Ассистенттің функционалдық
міндеттері аутизмді балалармен жүргізілетін жұмыстың ерекшелігімен, сондай-
ақ қолданбалы мінез-құлық талдауына негізделген әдістерді болжайтын қатаң
иерархиямен ерекшеленеді:
-
баланың жеке білім беру бағдарламаларын орындау;
-
баланың мінез-құлықтық бағдарламасын орындау;
-
жалпы білім беретін сыныптардағы/топтардағы сабақтарда және
ресурстық бөлмедегі топтық сабақтарда баланы қолдау;
-
мектеп өмірінің режимдік жағдайларында баланы қолдау;
-
ресурстық
бөлмедегі
оқушының
жалпы
білім
беретін
сыныптағы/топтағы сыныптасымен бірлескен қызметін ұйымдастыру;
-
оқушының тәртібін қадағалау нәтижелерін есепке алу және жазу;
-
баланың оқу және мінез-құлықтық бағдарламаларын орындау туралы
деректерді жинау;
-
ресурстық бөлме мұғалімінің жетекшілігімен
балада дағдының даму
деңгейін анықтауға арналған тестілеуді өткізу.
Сондықтан, ассистент қоғамда аутизмді баламен, оның құрдасы
арасындағы байланыстырушы болып табыла отырып, оқушыға көрсетілетін
қолдаудың азаюымен жұмыс істейді. Қолдаудың негізгі мақсаты білім беру
ұйымдарындағы толық өз бетімен жұмыс істеуге талпыну болып табылады.
Ассистенттің оқушыға жеке қолдау көрсетуге
қатысуының азаюы мынадай
тәртіпте жүзеге асады:
1)
Толық қолдау – ассистент оқушымен бірге партада отыруы.
2)
Біртіндеп алыстау – оқушы партада, ассистент оқушының арт
жағында болуы.
58
3)
Сыныпта өз бетінше жұмыс істеуі – оқушының партада ассистентсіз
болуы.
Оқу жылы бойына, екі-үш айда 1 рет білім алушыда ассистенттің ауысуы
орын алады. Ассистенттердің жүйелі және ойластырылып ауысуы балаларға
қоршаған ортадағы өзгерістерге барынша байыппен қарауға үйренуге және
оқушының аутизммен жұмыс жүргізуге деген дағдылары мен білімдері қарым-
қатынастарын жақсартуға мүмкіндік береді. Ассистенттерде балалардың
ауысуы тез кәсіби және эмоционалдық күйзелістерге алып келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: