Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет33/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
білім беру процесінде ерекше білім беруге кажеттілігі бар балаларды қолдау бойынша педагог-ассистенттерге

Жалпы ұсынымдар 
Осы санаттағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын және 
мүмкіндіктерін 
қамтамасыз 
етуде 
мамандарға 
да 
(логопедтерге, 
дефектологтарға және психологтарға), сонымен бірге педагог-ассистентке 
ерекше рөл беріледі.
Психикалық дамуы тежелген бар оқушылармен жұмыс істеген кезде 
педагог-ассистенттің негізгі міндеттері: 
– 
негізгі білім беру салалары шеңберінде оқытудың коррекциялық-дамыту 
бағытын қамтамасыз ету;
– 
материалды «қадамдап» ұсынуда, мөлшерлі көмек көрсетуде, жалпы 
дамуға да, жеке даму кемшіліктерінің орнын толтыруға да ықпал ететін арнайы 
тәсілдерді, әдістер мен құралдарды пайдалануда білімді, білікті және 
дағдыларды меңгеру спецификасын ескере отырып, оқыту процесін 
ұйымдастыру; 
– 
орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайын: тез 
сарқылушылықты, төмен жұмыс қабілетін, жалпы тонусы төмендеген және т.б.
ескере отырып, білім беру ортасын ерекше кеңістікте және уақытта 
ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 
– 
танымдық белсенділікті тұрақты ынталандыру, өзіне, қоршаған заттар 
мен әлеуметті әлемге қызығушылықты ояту; 
– 
меңгеріліп жатқан білімді түсінуде және кеңейтуде, алған білімдерін 
бекітуде және жетілдіруде оқушыға ұдайы көмек көрсету; 
– 
эмоционалдық даму дефициттерінің орнын толтыруға және танымдық 
әрекет пен мінез-құлықтың өзін-өзі саналы реттеуін қалыптастыруға 
бағытталған, кешенді психологиялық-педагогикалық қолдауға белсенді қатысу; 

оқушының когнитивті және тұлғалық дамуының «нашар» және «мықты» 
қырларын ашу, қиындықтардың орнын толтыру тәсілдерін айқындау, 
сабақтарды фронталды формада ұйымдастыру кезінде мұғалімнің оқушымен 
өзара іс-қимыл жасасуының едәуір тиімді жолдарын әзірлеу.
Зерде бұзылысы бар балалармен жұмыс істеу бойынша педагог-
ассистенттерге арналған әдістемелік ұсынымдар 
Ақыл-ой кемістігі туа біткен немесе ерте пайда болған, зердесінің айқын 
жетіспеушілігімен байланысты, индивидуумның тиісті әлеуметтік жұмыс 
істеуін қиындататын немесе толық мүмкін емес ететін, психиканың жете 
дамымауымен байланысты жағдай ретінде айқындауға болады.


85 
Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға жаппай психикалық жете дамымау 
қасиеті тән, ол зияткерлік әрекетке ғана емес, сонымен бірге жалпы барлық 
психикаға қатысты болады, ал бірінші кезекке танымдық әрекеттің жоғары 
формаларының жетіспеушілігі – абстрактылы ойлау шығады. Дерексіз 
ойлаудың жетіспеушілігімен, зерде алғышарттарының (зейін, жады) 
нашарлығымен және психикалық жұмыс қабілетімен нақты анықталады. 
Осымен бір уақытта түйсік пен қабылдау баяу қалыптасады.
Ақыл-ой кемістігі бар балалар қозғалыс саласының жете дамымауымен де 
ерекшеленеді, ең алдымен, ол шағын моторлы функциялардың даму 
қарқынының кешеуілдеуінен және баяулауынан, біртіндеп қозғалу 
өнімсіздігінен 
және 
жеткіліксіз 
мақсаттылығынан, 
қозғалыс 
алаңдаушылығынан және абыржуынан байқалады Балалардың қозғалысы 
нашар, бұрыштап жүреді. Қозғалыс саласының даму жетіспеушілігі көбінесе 
жеңіл және тура қозғалу, ыммен және мимикамен көрсету кезінде көрінеді.
Көзбен, құлақпен кинестетикалық және басқа да қабылдау процестерінің 
дамуындағы жетіспеушілік пен баяулық балалардың қоршаған ортада 
бейімделуін бұзады, санасында нақты әлем объектілері арасындағы толық және 
сәйкес байланыстар мен қарым-қатынастарды орнатуға кедергі келтіреді. Ақыл-
ой кемістігі кезінде қабылдаудың жетіспеушілігі көбінесе, мақсатты 
бағытталған ерікті зейін бұзылыстарымен байланысты, оны тарту және ұстап 
тұру өте қиын, оңай сейіледі.
Психикалық жете дамымау құрылымында сөйлеу тілінің бұзылулары 
ерекше орын алады, көптеген жағдайда ол ақыл-ой кемістігінің тереңдігін 
көрсетеді: едәуір ауыр жағдайларда науқастар сөйлемейді ғана емес, сонымен 
қатар оларға қарап айтылған сөзді түсінбейді. 
Ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін эмоционалдық-ерік саласының 
өзгеруі тән. Қарапайым эмоциялар салыстырмалы түрде сақталған, жоғары 
эмоциялар болған кезде, ең алдымен адамгершілік эмоциялар жете дамымағн 
және жеткілікті дәрежеде сараланған болып қалады.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалардың әрекеттері мақсатты 
бағыттылықтың жоқтығымен, ырықсыздықпен негативизммен сипатталады. 
Сондай-ақ, олар жоғары еліктеушілікпен, иланушылықпен және мінез-
құлықтың дербессіздігімен ерекшеленеді, ықпалдар мен аффектілерге, сондай-
ақ жағдайлар мен мән-жайларға тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет