79
бөліктерінің орналасуы, өзендер ағысының бағыты және т.б.) кеңістік туралы
түсінігі мен жадының жеткіліксіз қалыптасуымен байланысты болады; бұл
контурлық карталармен жұмыс істеген кезде анық байқалады. Осылайша,
қозғалыс бұзылыстары осы топтағы оқушылардың оқу әрекетінің
спецификасын едәуір дәрежеде айқындайды.
Қозғалыс дағдылары мен
біліктерінің қалыптаспауы ‒ тек бұзылған моториканың нәтижесі емес,
сонымен бірге одан да күрделі функциялардың жетіспеушілігінен, олардың
негізінде қозғалыс жатыр (көру-моторлы координация, кеңістікті талдау мен
синтез).
Қозғалыс бұзылыстары бар оқушылардың оқу әрекетіндегі ерекшеліктер
едәуір дәрежеде сөйлеу тіліндегі бұзылыстармен де айқындалады.
Ауызша жауап бергенде мұндай оқушылар өз ойларын үнемді,
қысқа
білдіруге тырысады, олар сөздік штамптармен және тек мұғалімнің
сұрақтарына ғана жауап береді. Балалардың қойылған сұрақтарға тез жауап
беруге қиналатын кездері болады, жауап беру үшін оларға қандай да уақыт
керек болады. Жауап беруге дайындалу тілдік аппаратты қажетті күйге
келтіруді талап етеді (күшпен
қозғалтуды жеңу, тыныс алуын дайындау,
дауысты еріксіз қосу).
Жаңа білімді меңгеру процесін жеңілдету үшін әртүрлі: көру, есту және
тактильді анализаторлардың жұмыс істеуін талап ететін әдістемелік тәсілдерді
пайдалану қажет. Сондықтан әр сабақта оқытудың көрнекі құралдарын
(картиналар,
кестелер,
сызбалар,
графика,
профильдер, карталар,
мультимедиялық презентациялар) пайдалану қажет. Баяндау дәлдігін,
материалдағы басты мәселені көрсетуді, оны меңгеру және есте сақтау үшін
қолайлы, аздаған порциялармен баяндауды анықтайтын,
тірек конспектілері
бойынша жұмыс істеу әдістемесі оқушыларға білім жүйелерін меңгеруде
жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді. Жаңа материалды зерделеген кезде
демонстрациялық экспериментті, оқытудың техникалық құралдарын,
аудиокөрнекі құралдарды көбірек қолдану қажет.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды дені сау құрбыластарының
ұжымында оқыту бойынша ұсынылып отырған ұсынымдар негізгі
бұзылысымен байланысты қиындықтарды ескере отырып құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: