Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет40/44
Дата11.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#42318
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
6-тапсырма
Мәтіннің қай стильге жататынын анықтаңыз. 
 
Қазақ ұлтының ат бәйгесі дәстүрінде жүйрік аттардың 
шабысын халық әртүрлі атайды. Онда жаратылыс, бітімдегі 
аттар әртүрлі шабады. Оған кейбір аттар бәйге шығар, 
шықпадан тура барлық жүйріктен оза шығады да, сол бойында 
алдына ат салмай көмбеге бір-ақ келеді. Мұндай жүйріктерді 
қазақтар шыға салма, шыға салма жүйріктер деп атайды. Енді 
бір жүйрік аттар ал дегенде баяу шауып, артта қалып немесе 
артын ала көп жүйріктің соңынан ере келе, біртіндеп тыныс 
ашылап, терлей келе алдындағы аттарды бірден-бірден 
тастап, озып отырып алдында келеді. Осылай аттар қалып
кейін барлық жүйрікті басып озып келетін жүйріктерді «қыза 
шабатын жүйріктер» деп атайды. Келесі бір жүйріктер әу 
баста бәйге шығардан озып кетіп, жол ортаға келгенде, яғни 
бәйге ортасына таяп келе, қарлығып, шаба алмай, басқа аттың 
барлығы дерлік қуып жетіп, аталмыш бәйге аты артта 
қалады. Мұндай жүйріктерді ел ұшқыр, яғни ұшқыр ат деп 
атайды. Сондай-ақ алғаш шыққанда нешінші орында шықты
сол бойы соншасыншы, сол орында не басып озбай немесе қалып 
қоймай, бірқалыпты шауып келетін жүйріктер болады. Оларды 
қалыпты шабыстағы жүйріктер деп атайды. Жүйрік сынында 
шыға 
салма 
жүйріктердің 
көбінде 
алды-арты 
тең, 
төртбұрыш, талдырмаш бойлы жүйріктер десе, қыза 
шабатындарды ұзын денелі, орақ бас, салпы ерін, кең таңау деп 
көреді. Ал ұшқыр жүйріктерді тар танау, үшкір шақша бас, 
денесі кішірек жүйріктер деп көрсе, бір қалыпты шабатын 
жүйріктерді дөкір, жуан аяқ, биік, иықты тынысты деп көреді 
ат сыншылары, атқұмарлар. Кейде бұл сындар сәйкеспей де 
жатады. Алайда, ауытқи бермейді. Содан да «Алуан-алуан 
жүйрік бар, әліне қарай шабады» десіп жатады халық 
(Б.Кәмәләшұлы Қазақтың дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі. –
Алматы, 2006. –120 б.). 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет