Қ арын бездерінің қызметінің реттелуі. Қарын сөлінің өндірілуінде 3 кезең байқалады: 1)
күрделі рефлекторлы; 2) қарындық; 3) ішектік. Бірінші кезең ас қарынға түсер алдындағы шартты және
шартсыз тітіркендіргіштердің нәтижесінде пайда болады. Екінші кезең ас қоймалжыңының түйірлері
мен қорытылудан пайда болған заттардың қарын қабырғасын тітіркендіруіне байланысты туады.
Қарын бездерінің қызметін қарын қабырғасында түзілетін гастрин мен гастрон гормондары
реттейді. Гастрин қанға сіңіп гуморальды жолмен қарын бездерін қоздырады. Гастрин пайда болғанда
тұз қышқылының өндірілуі тежеледі. Ал гастрон қарын бездерінің қызметін тежейді.
3 кезең (ішектік) қанға қоздырғыш гормон энтерогастриннің сіңуінен басталады, ал
энтреогастрон оны тежейді.
Ішектегі астың қорытылуын реттейтін ең жоғары орталық – мидың гипоталамус бөлігі. Оның
хеморецепторларын «аш» қан тітіркендіреді. Бұл орталықтың қызметінің бұзылуы тойымсыздықты
тудырады.
Ас қорытудың ең жоғарғы реттеуші орны – ми қыртысындағы ас қорыту орталығы. Ас қорыту
жолдарының бәрінен осы орталыққа қозу импулсьтері келіп отырады.
11-тақырып. Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы Зат алмасу мен энергия алмасу тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.
Зат алмасу екі процестен тұрады: ассимляция (синтез) және диссимляция (ыдырау). Ассимляция
мен диссимляцияның нәтижесінде организмге қажетті заттар түзіліп, ескірген ыдыраудан пайда болған
қажетсіз заттар сыртқа шығарылады. Балалар мен жасөспірімдер организмінде ассимляция
диссимляциядан басым болады, ересек адамдарда тең болса, қартайғанда диссимляция басым болады.
Адам организмінде клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық
және бейорганикалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, гормондар мен
ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минералды тұздар жатады. Денсаулығы жақсы 70 кг
салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг
тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады.