15-17
2,0-3,0
17-21
1,5-2,0
21-50
1,0-1,3
Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінің маңызы зор. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант,
минералды заттар, витаминдер және т.б. бала ағзасына қажет заттар бар.
М ай мен көмірсудың алмасуы
Май мен көмірсудың құрамында үш химиялық элемент бар: көміртегі, оттегі, сутегі.Бұл екеуінің
құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орнына екіншісін пайдалануға
мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсудан май оңай түзіледі. Денедегі майдың
мөлшері орта есеппен 10-20%, ал көмірсудің мөлшері 1% шамасында. Май қуат қоры болып табылады. 1
г май денеде тотыққанда 39кДж, ал 1 г көмірсу мен белоктар тотыққанда 17 кДж шамасында қуат
бөлінеді.
Дені сау ересек адамның тамағында 30%-дай май болуы тиіс. Демек күніне 80-100 г май жейді.
Тамақ құрамында жануар және өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы 2:1 болу керек.
Организмде май глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырап, лимфаға сіңгеннен кейін май
ұлпалары мен жасушаларда жиналады.
Көмірсулар ағзада моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза, галактоза, лактоза және т.б.) ыдырап
қанға сіңеді. Глюкозаның мөлшері адам қанында шамамен тұрақты 0,1%. Глюкозаның қандағы мөлшері
0,11-0,12 %-ға дейін көбейгенде ол қаннан бауырға және бұлшық етерге тасылады да, гликогенге
айналады. Егер 0,12 %-дан асып кетсе, артық қантты денеден шығаруға бүйрек кіріседі. Мұны
глюкозурия деп атайды. Бұл ауру инсулин гормоны жетіспегенде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: