І шек-қарынның моторикасы (қозғалысы). Ішек-қарын үш қабаттан тұрады: сыртқы –
сілемейлі, ортаңғы –
бұлшық етті, ішкі – шырышты. Асқорыту мүшелерінде ас
бұлшық етті
қабаттың жиырылуы нәтижесінде жылжиды. Бұлшық етті қабат екі түрлі жиырылады: 1)
маятник тәрізді; 2) перистальтикалық.
Маятник тәрізді жиырылғанда ас қоймалжыңы
асқорыту сөлімен араласады, ал
перистальтикалық жиырылғанда ас қоймалжыңы бір бөлімнен екінші бөлімге өтеді.
Ас қорытудың реттелуі
Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға түскеннен
кейін бірнеше секундтан соң,
сілекей шығару күшейе бастайды. Сілекейдің бөлінуі рефлекторлы түрде жүйке жүйесінің қатысуымен
жүреді. Шайнау барысында ас
ауыз қуысындағы тілде, ұртта, еріннің
ішкі жағында орналасқан
рецепторларды тітіркендіреді. Соның нәтижесінде пайда болған
қозу тіл-жұтқыншақ пен бет
жүйкелерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл
жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол эфференттік жүйкелер арқылы сілекей
бездеріне барады да, сілекей шығару рефлексі іске қосылады.
Сілекей тамақты көргенде, оның исін сезгенде, астың атын айтып әңгімелегенде де бөлінеді. Бұл
И.П.Павлов анықтағандай сілекейдің шартты түрде бөлінуі.
Бұл рефлекс бұрын көрген, жеген, исін
сезген тамақты пайдаланғанда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: