Әлеуметтану дифф зачет


 Этникааралық жəне конфессияаралық келісім



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

20. Этникааралық жəне конфессияаралық келісім.
Этникааралық қатынастар (ұлтаралық қатынастар) сөздің кең мағынасында
əр түрлі салаларда – саясатта, мəдениет пен тағы басқа да халықтардың өзара
іс-қимылы ретінде түсіндіріледі. Бұл этностардың өмір сүруінің материалдық
жəне рухани жағдайлары, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыру
жөніндегі қатынастар. Тар мағынада – бұл əртүрлі ұлттардың тұлғааралық


қатынастары, олар да түрлі қарым-қатынас салаларында – еңбек,
отбасылық-тұрмыстық, сондай-ақ көрші, достық жəне басқа да бейресми
қарым-қатынас түрлерінде болады.
Ал конфессияаралық қатынастар – бұл конфессиялар (бағыттар) арасындағы
да, негізгі əлемдік діндердің ұстанушылары қоғамдастықтарының
арасындағы да қатынастар. Қоғамдағы конфессиялар ұсынылған идеология,
дін қызметкерлері, бір топ діндарлар, сондай-ақ оларға түсіністікпен
қарайтын адамдар.
Өткен уақыттарда адамдардың діни қатыстылығы қоғамдық өмірдің маңызды
факторы болды, бұл қазіргі əлемде де солай қалып отыр. Конфессиялар мен
этностық топтардың алуан түрлілігіне тəн қоғамдастықтардың тұрақтылығы
конфессияаралық қатынастарға байланысты. Конфессиялар арасындағы
келісім – бейбітшілікті сақтау үшін жəне олардың жайлы өмір сүруіне
қажетті шарт.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық жəне конфессияаралық
келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың
əлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев өзінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында» атты Жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дəстүрін,
тілі мен мəдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық жəне
мəдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын
қамтамасыз етеміз» деген болатын.
Бұл қағидат Қазақстанның ел бірлігі доктринасының шеңберінде де жүзеге
асырылуда – этникалық шығу тегіне, нəсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ
қандай да əлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға
жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы
теңдігін қамтамасыз ету.
Аталған дүниетанымдық ұстаным Қазақстан қоғамының саяси, мəдени жəне
рухани-адамгершілік басымдықтары мен құндылықтық бағдарын
айқындайтын негіз болып табылады. Əрбір нақты кезеңде ол байытылады,
толықтырылады, нақтыланады, бірақ оның мəні бір болып қалады –
көпэтникалық Қазақстанда əрбір адам оның этникалық, діни, нəсілдік жəне
өзге де тиістілігіне қарамастан өзін еркін, қорғалған жəне өз болашағына
сенімді сезінуі тиіс.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен
тиімділігін дəлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін
мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын
халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды
қалыптастыру пайдасына таңдау жасады. Кофи Аннан Қазақстан


Республикасына сапары кезінде «басқа мемлекеттер үшін ұлтаралық
келісімнің, тұрақтылықтың, орнықты дамудың үлгісі» деп атады.
Əлеуметтік сауалнаманың нəтижесіне сəйкес мемлекетіміздегі ұлтаралық
қатынас тұрақты.
Көптеген қазақ (89,8%), орыс (84,8%) жəне басқа ұлттар (88,3%)
респонденттерінің пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері
арасында бейбіт достық қарым-қатынас орнаған.
Бұл ретте, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі соңғы жылы ұлтаралық
қатынастар саласында қандай да бір елеулі өзгерістер болған жоқ деп
санайды.
Сауалнамаға қатысқан қазақ ұлтының 19,7%-ы əртүрлі ұлт өкілдерінің
арасындағы қарым-қатынас соңғы жылы жақсарды деген пікірде.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мəліметтері бойынша
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны 18 395 567
мың адамды құрайды.
Республика халқының этникалық құрамында ең көп саны — қазақтар (67,98
%), орыстар (19,32 %), өзбектер (3,21 %), украиндар (1,47 %), ұйғырлар (1,47
%), татарлар (1,10 %) болып табылады.
Бүгінде қазақстан халқы – бұл біртұтас идея мен бауырластық рухымен
біріктірілген КСРО-ның əр түкпірінен құрылған халықтар. Қазақстандықтар
шын мəнінде бауырлас халық, дегенмен де бейбітшілік, келісімге келіп, жаңа
Отанды табу үшін көптеген ұлттармен бірге қиындықтарды бастан кешіруге
тура келді.
Өзге ұлттардың Қазақстан аумағына жер аударылуы 1920-1940-шы жылдары
басталды. Кеңес өкіметі кейбір халықтарды туған жерлерінен күштеп көшіре
бастады. 1928-1936 жылдары Қазақстанға Ресейден, Украинадан жəне
Беларусиядан 360 мың адам жер аударылды. 1937 жылдан бастап мемлекеттік
шекараға жақын орналасқан Қиыр Шығыс аудандарынан Орта Азияға корей
халқын күштеп көшіре бастады.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1941 жылғы 28 тамыздағы «Поволжьеде тұратын
неміс халқының қоныс аударуы туралы» Қаулысына сəйкес, 1941 жылдың
күзінде Поволжьеден 1 млн астам неміс қоныс аударды, олардың 420 мыңы
Қазақстанда орналастырылды.
1942 жылдың маусымында Краснодар өлкесінен, Қырым АКСР, Армения,
Əзірбайжан жəне Грузиядан Қазақстанға 25 мыңға жуық грек, сондай-ақ 29
мыңға жуық басқа халықтардың өкілдері қоныс аударды.
1940 жылдан бастап 1941 жылға дейін Қазақстанға 100 мыңға жуық поляктар
жер аударылды. 1943-1944 жылдары Қазақстанға 507 мың балқар, қарашай,
ингуш жəне шешендер, 110 мың түрік-месхетин, 180 мың қырым татарлары
күштеп қоныс ауыстырды. 1937 жылдан 1944 жылға дейін Қазақстанға 1


миллион 209 мың адам, ал көшірілгендермен бірге 1 миллион 740 мың адам
жер аударылды.
Жер аударудан кейінгі алғашқы айларда ондаған мың адам аштықтан жəне
аурудан қаза тапты. Тірі қалғандарға жаңа тұрғылықты жерінен кетуге тыйым
салынды, əйтпесе олар каторгалық жұмысқа жіберілетін болды. Егер қазақ
халқының қолдауы мен жанашырлығы болмағанда, күшті моральдық сынақ
пен ауыр жұмыстардан аман қалу қиын болар еді. 
21.Жаһандық перспективадағы білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет