16. Девиация туралы теориялық бағыттарды қысқаша шолу
(əлеуметтанулық, биологиялық, психологиялық, экономикалық,
мəдениеттанулық).
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден
ауытқитын əлеуметтік іс-əрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен
əлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. Кең мағынасында девиантты
мінез-құлық кез келген əлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде
жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтуризм, өзін құрбан ету, аса үлкен
рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тəртіпті бұзу,
адамгершілік ережелерін, дəстүрді, əдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол
жұмсау жəне т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Əлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық
тəрбиедегі кемшіліктердің нəтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге
берілген оқу тапсырмаларына жəне бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның
бəрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы
бейімсіздігінің дезадаптация қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
●
оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген
қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пəнді оқуда
қиыншылықтарға тап болуынан;
●
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен
қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен
қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен
біртіндеп қол үзе бастайды;
●
əлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген
қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып,
алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
●
криминалдылық – кейбір отбасындағы əлеуметтік жағдайдың өте төмен
болуы, балаларды да өз ортасындағы əлеуметтік теңсіздікке əкеледі, ал
мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан
барып олар қылмысты іс-əрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоəлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы
- ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын
отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
●
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті
жағдайларға баланы итермелейді;
●
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу
кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы
тəлім-тəрбиелік кемшіліктерден туындайды;
●
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды
пайдалануы, криминалды іс-əрекет, аморальді өмір сүру жағдайы,
отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде,
далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай
іс-əрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған
ортаға бейімделе алмай қалады. Соның əсерінен, бала өзін жаман, керексізбін
деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына,
тұлғалық ерекшелігіне, əлеуметтік тəжірибесіне байланысты. Психикалық
реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тəбеттің болмауы
т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш,
өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге
қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы
рөлінде болуды қалайды.
Биологиялық факторлар– баланың əлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық жəне анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға
мыналар жатады:
●
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлық заттарды пайдалануы, темекі
тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп
болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту,
көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған
денедегі кемшіліктер.
●
Психофизологиялық факторлар: психофизиологиялық күш,
дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері əсер
ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы,
соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін
энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
●
Физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы
соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бəрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз
қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық
деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне
алмайды, қатынасы бұзылады.
Əлеуметтік-экономикалық факторлар. Əлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
жəне бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция,
əлеуметтік кернеу, т.б.
Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопаталогиялар мен мінездегі
кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді.
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады.
Оларға міндетті түрде əлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса,
арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың əрбір
даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық жəне мінездегі
ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында əлеуметтік
ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар,
қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік
жəне суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар жəне психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады.
Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда,
ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты
жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тəрбиелік
жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «əрбір адам өмірінің тек
кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы
ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция
жасаушы əрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін
түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан
дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып əкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына,
əлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-əрекеттер мазмұны,
қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мəнімен, талаптарымен
тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар
(достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен
ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты
мінез-құлықтың өріс алмауына жəне оларды мектеп қабырғасынан бастап
əлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |