Әлеуметтану дифф зачет


 Əлеуметтану: ғылымға кіріспе жəне басты ұғымдарды тұжырымдау



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

1. Əлеуметтану: ғылымға кіріспе жəне басты ұғымдарды тұжырымдау.
Əлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты.
Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт
Спенсер қалады. «Əлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы əрі
социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен əлеуметтік өмір жөнінде
ғылым ретінде түсіндірілді. Əлеуметтану пəнінің қалыптасауы мен дамуы
əлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа
əлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл
теориялар өзінің теоретикалық-əдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне
қайшы келді, бірақ əлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына əр
теориялардың ролі айрықша келеді. Əлеуметтануды қоғамдағы əлеметтік
қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде


зерттейтін ғылымы деп белгілейді. Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру
жүйесінде белгілі өзгерістер жүзеге асырылуда. Жаңа мамандықтар бойынша
мамандар даярлау жоғары оқу орындар алдына ашылған мамандықтар
бойынша оқу əдістемелік құралдар даярлау міндетіне қояды. Социология
мамандығы бойынша мамандар даярлау Қазақстанда жиырма жылдай уақыт
бойында даярланып келеді.
Бірінші тəсіл бойынша əлеуметтану зерттеу обьектісі-тұтас алғанлағы қоғам.
Əлеуметтану деген бұндай көзқарастың негізін қалаған О.Конт. Бұл идеяны
шетелдік ғалымдар Дж. Маркович, Н.Смелзер, Н.Луман қайта жаңғыртты.
С.С.Фролов 1996 жылғы Социология оқулығында осы тəсілді ұстанады.
Екіншіден əлеуметтану тұтас қоғамды емес, бір бөлігі-əлеуметтік қатынастар
саласын зерттейді деп көрсетеді. Бұл əлеуметтанудағы қарама-қайшы күрделі
көзқарас.
2. Əлеуметтанулқ теориялардың даму кезеңдерін талдау.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты.
Оның негізін салушы Огюст Конт (1798-1857ж.ж) болды. Оның əлеуметтану
тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы
идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, əрбір қоғамды ақыл-сана,
жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы
қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір
ізгілікпен дəйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық
жəне позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат
болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат
пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі
ұғымдардан бас тартты,ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мəні
мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге
тырысты.Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты,
процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді.
Сөйтіп екінші кезең адамның интелектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни
позитивизмді дайындайды.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс процестердің,
заттардың абстрактылы мəндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас


тартады.Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арсындағы тұрақты
байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақты
фактілерді оқып, үйрену керек.Нақтылы фактілер – бұл əлеуметтік
құбылыстар мен процестер.
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ,
ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға
қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тəн.Обьект
қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек
болды.Осыған орай позитивтік əдіс алғаш рет математика, физика,
астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, əлеуметтану
жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды,
процестерді зерттегенде «позитивтік » əдістерге сүйенеді.Позитивтік əдіс
теориялық əлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б.
арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тəжірибелік) факторларға сүйенеді.
Əлеуметтанудың шығуына екінші бір үлкен себеп болған оқиға, ол
О.Конттың өзі ашқан еңбектің бөлінуі жəне оны кооперациялау туралы заң
болды. Бұл фактілердің адамзат қоғамының тарихында үлкен маңызы болды,
өйткені бір жағынан осылардың негізінде қоғамда əлеуметтік жəне
маманданған топтар пайда болды, қоғамда адамдардың əл-ауқаты,
материалдық тұрмыс жағдайы біршама жақсара бастады. Екінші жағынан,
бұл факторлар қоғамға кері əсер етті, өйткені бұлар байлықтың бір қолға,
немесе кішігірім топтардың қолына жиналуынан əкелді, сөйтіп
қанаушылыққа жол берді. Əлеуметтік сезім бір мамандықтағы адамдарды
топтастырды. Осыған орай адамдардың түрлі корпоративтік бірлестіктері,
одақтары шықты, олардың ішінде корпоративтік эгоисттік мораль пайда
болады. О.Конттың пікірінше, осы адамдардың арасындағы
ынтымақтастықты, келісімді тек əлеуметтану ғылымы реттеп отырады.
О.Конттың əлеуметтану тұжырымдамалары əлеуметтік статика жəне
əлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Əлеуметтік статика
қоғамдық өмір сүру жүйенің шарты мен даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл
салада О.Конт əлеуметтік институттардың негізгі түрлерін, яғни отбасын,
мемлекетті, дінді алып қарайды. Олардың қоғамдағы атқаратын қызметін
жəне адамдардың арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы ролін
көрсетеді. О.Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны əлеуметтік
динамикада одан əрі жетілдіреді. О.Конттың пікірінше, қоғамның ілгері
дамуы негізінде, рухани бастама адамзаттың ақыл ойының дамуы жатыр.


О.Конт əлеуметтік құбылыстарды зерттеуде əлеуметтік фактілерді бақылау
əдісіне үлкен мəн берген, өйткені бақылау ғылымға объективтілікті береді. Ал
бақылаушы өзіне тəуелсіз тұрған əлеуметтік фактілерімен жұмыс істейді.
əлеуметтік зерттеудің екінші бір маңызды əдісі-ол эксперимент. О.Конттың
пікірінше, эксперимент бұл белгілі бір арнаулы жасанды жағдайда əлеуметтік
процестердің, құбылыстардың өзгеруін, дамуын бақылау; О.Конт бойынша,
əлеуметтанудың үшінші негізгі əдісі-салыстыру. Бұл əдіс əрбір халықтың
өмірін бір-бірімен салыстыруда қолданады.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан əрі дамытқан ағылшын
əлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Оның əлеуметтану
теориясы негізгі екі мəселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің
биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) əлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару
мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында
кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам
қоғамнан біршама тəуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері
оның тұтастығын құрайды, оған тəуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің
бөліктерінің , игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір
жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды
организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге əкелді.
Олар: 1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3)
қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау,
қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы жəне жеке бөліктердің тұтасқа
бағынуын реттеу болды.
Г.Спенсер қоғамның əлеуметтік құрылымын талдай келе, əлеуметтік
институттардың алты тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық білім, саяси,
шіркеу, кəсіби жəне өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде
(Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала , СПБ, 1897;
Основание социологий, СПБ1906 г.) əлеуметтік институттардың
эволюциясын зерттеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет