Мақсаты - бірегей əлемдік білім беру деңгейін құру.Қазіргі заман талабына
сай бəсекеге қабілетті маман дайындау.
Қазіргі уақытта шекаралар жойылған кезде қашықтықтар маңызды емес.
"Жаһандану" термині "өзара тəуелділік" жəне "интернационализация" сияқты
ұғымдарды алмастырды,
экономикалық, əлеуметтік жəне саяси салалардағы
халықаралық қатынастар жүйесін дамытудың сапалы жаңа кезеңін сипатады.
Жаһандану жан-жақты даму үстінде , адам қызметінің əлеуметтік жəне жеке
өмірдің барлық салаларына, сонымен бірге білімгеде əсер етеді.
Жаһанданудың басты артықшылығы-діндердің, мəдениеттердің,
дəстүрлердің, менталитеттің өзара байланысын қамтамасыз ету жəне
осылайша адамды əлеммен таныстыру.
22. Білім əлеуметтік институт ретіндегі орны мен маңызы
Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді
берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне
ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің
болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім
алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы
субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі
əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты
материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі
жүйенің басқа саплы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты.
Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске,
технологияға сəйкес жаңа түрін,əдісін, тəсілін(стилін), тəртібін, оқу-білімін,
ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты
жəне адам өмірінің, əсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып
саналады.
Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше əлеуметтік институт, ол – өз бетімен
біршама дербес əлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол əрбір
адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, əлеуметтік
жəне рухани тəрбиені сабақтастыруын, тұлғаны əлеуметтендіруін, оның
интеллектуальды жəне рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.
23. Білім институтының негізгі функциялары.
Достарыңызбен бөлісу: