Əлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар:
ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер,
наным-сенімдер, халықтың артуы, мəдени өзара байланыс, соғыс, табиғи
апаттар, тарихи оқиғалар т.б.
Əлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше əлеуметтік мəселелерді
басынан кешіреді. Жаңалықтар əр уақытта онай жолмен қалыптаспайды жəне
оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы əлеуметтік қарсы тұру пайда болып
тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында
қақтығыстар болуыда ықтимал. Əр өзгерістің өзінше шығыны болады.
Болымды нəтижелермен қатар болымсыз нəтижелерде орын алып тұрады.
Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны
белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркəсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды
нəтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның
нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нəтижелер осы əлеуметтік өзгерістің жемісі.
Əлеуметтік өзгерістер жоспарлы жəне жоспарсыз болып екіге бөлінуде.
Бүгіндері қоғамымызда орын алып жатқан өзгерістерді жоспарлы өзгерістер
деп айтуға болады. Жоспарлы əлеуметтік өзгерісте биліктің рөлі ерекше.
Үкіметтің қабылдаған бірнеше бағдарламаларында əлеуметтік қорғау: білім
беру, денсаулық сақтау, экономика, мəдениет, жұмыссыздық, ғылыми
зерттеулер т.б. сияқты тақырыптарды көруге болады. Бұл бағдарламалар
бұдан да керемет қоғамды қалыптастыру үшін дайындалуда.
Əлеуметтік өзгерістерді анықтау үшін əлеуметтануда бірнеше теориялар
дамыған. Бұл теорияларға байланысты мысал ретінде, Марсктік қақтығыс
теориясы, құрылымдық-функционалистік теорияларды айтуға болады.
Əлеуметтік өзгеріс "əлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды.
Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен əлеуметтік қозғалыстардың барлығы
бірдей оның сапалық даму деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар əлеуметтік
даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін.
Сондықтан да əлеуметтану ғылымында Əлеуметтік өзгеріс жəне "Əлеуметтік
қозғалыс" ұғымдары "əлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең
мағынада қарастырылады. Ал əлеуметтік даму дегеніміз – жаңа қоғамдық
карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың
пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Əлеуметтік дамуды
бағалаудың əртүрлі: экономикалық, құқықтық, мəдени, рухани, т.б. өлшемдері
калыптаскан. Оның мəн-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты
əлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, əсіресе, əлеуметтік