ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,
корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық
Жаһанданудың нақты сипаттары бар.
Еңбек нарығында қалыптасып жатқан жағдай мемлекеттің, бизнестің жəне
жалпы қоғамның үнемі назарында. Ол елдің экономикалық дамуына,
əлеуметтік саясатқа, кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ
жеке адамның əл-ауқатына да əсер етеді. Сонымен бірге, еңбек нарығының
өзіне демографиялық, экономикалық, технологиялық жəне саяси трендтер
тарапынан үлкен ықпал жасалынады. Нəтижесінде, əр мемлекеттің еңбек
нарығы бірегей болып келеді. Бұл жаһандық жəне ұлттық деңгейде
жан-жақты талдау жүргізу қажеттілігіне алып келеді.
31. Қазақстан жаһандық əлеуметтік-экономикалық жүйеде.
Экономикалық жүйе -экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау,
тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны
мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде
баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе
белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси
құжаттар мен экономикалықжарияланымдарда “əлеуметтік-экономикалық
жүйе” жəне “əлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды
жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың əлеуметтік мəнін атап
көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды,
өйткені адамдар үшін жəне солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді.
Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық
жағын, əлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың
маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені
ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микро деңгей түрінде түсіну кеңінен таралды.
Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заңшығарушы жəне
атқарушы органдар жəне жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микро
деңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микро деңгей сонымен қатар
меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың
жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта жəне шағын бизнестің жиынтығы ретінде
де зерделену імүмкін. Кез-келген басқа жүйе сияқты.Экономикалық жүйе
оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады.
Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың əсерімен қалыптасады.
Сонымен,экономикалық жүйе -мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу
үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым
зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.
Достарыңызбен бөлісу: