Әлеуметтану дифф зачет


Денсаулық сақтау экономикасы



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

Денсаулық сақтау экономикасы –денсаулық сақтау жүйенің қоғамдағы
орны мен мəнін, денсалық сақтаудың қоғамдық өндіріске əсерін, сонымен
қатар денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мəселелерін зерттейтін
салалық экономикалық ғылым.
Қоғамның экономикалық құрылымында денсаулық сақтау қоғамдық
өндірістің «өндірістік емес аясы деп аталатын» бөлігіне жатады. Денсаулық
сақтау туралы бұл ұғым медицинаның қоғамдық пайдасын терістемейді,
себебі денсаулық сақтаудың өнімі ретінде халық денсаулығы алынады.
Денсаулық сақтау өндірістік сала болмағанымен еңбек қорларының қайта
қалпына келтіріліп, еңбек өнімділігін арттыру, ұлттық табысты ұлғайту үшін
күрделі үлес қосады.
Кез-келген қоғамдық-экономикалық құрылым өндірістік күштердің тұрақты
түрде өсуін қарастырады. Оның себебі біріншіден еңбек ресурстарына деген
қажеттіліктің артуы, екіншіден жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Халық
денсаулығына мемлекеттік саясат ақылы қамқорлық, əлеуметтік басым
шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан денсаулық сақтау
экономикалық жəне əлеуметтік дамудың жəне қоғамдық өндіріс тиімділігінің
қарқынын арттыратын тікелей жəне шешуші факторлардың бірі болып
табылады.
Денсаулық сақтау экономикасын екі аспектіде қарастырады:
1) 
ішкі тиімділік 
(немесе денсаулық сақтаудағы шаруашылық тиімділігі) –
медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық формаларын,
медициналық қызметкерлер еңбегін ұйымдастырудың ұтымды түрлерін,
медициналық көмекке қажеттілік нормативтерін экономикалық
негіздеу, қормен жабдықталу, қорды жабдықтау, қормен қамтамасыз етілу,


материалдық-техникалық базаларды пайдалануға беру, қаржылық жəне
маман қорларын пайдалану, медициналық көмек шығыны жəне т.б.
2) 
сыртқы тімділік
– денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдық өндіріске əсері:
жұмыс күшінің, қоғамдық өнімнің, қоғамдық қатынастардың қайта өндірілуі.
Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау экономикасының кезгелген негізгі
мақсаты медициналық қызметті өндіру жəне тұтыну арасында туындайтын
экономикалық қатынастар кешенін зерттеу. Денсаулық сақтау
экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету
жəне азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың
арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты əр тараптың мəні
мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру.
35. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Əлеуметтік маңызды аурулар.
Қазақстандағы медицина Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен
салауаттылығын қорғауға арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық
сақтау жүйесі нарықтық қатынасқа көшу кезеңін өткізуде. Қазақстан
Республикасында денсаулық сақтау саласындағы
жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан
Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға,
“Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сəйкес жүргізіледі.
2009 жылы 4 желтоқсанында ҚР үкметінің қаулысы бойынша «Қоршаған
орта үшін ұсынылатын қауып қатерлер аурулары жəне əлеуметтік маңызы бар
аурулар тізбесі бекітілген:
1. Туберкулез
2. Адамның иммунды тапшылық вирусының тасымалдаушысы жəне
адамның иммунды тапшылық вирусымен шақырылған аурулар.
3. Вирусты гепатит В, С
4. Қатерлi жаңа түзiлiмдер
5. Қантты диабет
6. Психикалық бұзылыстар жəне мiнезқұлықтық бұзылыстар
7. Бала ми салы
8. Инфаркт миокардысы (алғашқы 6 айда)
9. Ревматизм


10. Байланыс тіндердің зақымдалу жүйесі
11. Орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалау – дегенеративтті аурулар
12. Орталық жүйке жүйесінің демиелинизирленген аурулар. Аурулар
тізімінде , сонымен қатар қоршаған ортаға қауып төндіретін жыныстық
қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауруларда жатады.
36. Жаңғыру жəне урбанизация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет