Байланысты: 1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау
Əлеуметтік өзгерістер. Қоғам – барлық уақыттарда елеулі өзгерістерге
ұшырап, белгілі бір бағытта дамып отырадын, ұдайы ішкі жəне сырқы
күштердің əсерінен болатын əлеуметтік организм. Əлеуметтік өзгерістер
дегеніміз қоғамның белгілі бір күйден екінші күйге ауысуы. Ол əлеуметтік
институттар, əлеуметтік ұйымдар, əлеуметтік қауымдар сияқты қоғамның
жекеленген салаларын қамтуы мүмкін. Өзгеріс типтері əртүрлі жəне олар
қоғамның қандай қырлары өзгеріп жатқандығына қарай ажыратылады.
Себебі əлеуметтік жүйенің өзі бірқалыпты емес, ол көптеген құрамдас
бөліктердің жинақталған жалпы нəтижелерінен тұрады. Олардың ішінде:
1) ақырғы нысандар.
2) нысандардың өзара байланыстары.
3) біртұтас жүйе ретіндегі нысандар қызметі.
4) шекаралар
5) жүйе салалары
6) қоршаған орта
Бастапқыда алғашқы болып көрінген құрамдас бөліктер мен өлшемдер,
əлеуметтік жүйе моделі түрлері өзгерістерге ұшырауда. Бұл өзгерістер
төмендегідей болып келуі мүмкін:
- құрамдық
- құрылымдық
- қызметтік
- шекаралық
- əлеуметтік
- қоршаған орталық
Кейде өзгерістер оқшау сипатта болып, жүйенің басқа буындарына елеулі
ықпал етпейді. Жүйе белгілі бір бөлігінде өтіп жатқан процестерге
қарамастан, ауқымды өзгерістерге ұшырамай, тұтастығын сақтап қалады. Ал
басқа жағдайларда өзгеріс жүйенің құрамдас бөліктерінің барлығын қамтып,
оны түбірінен қайта құрады. Бұған ілеуметтік төңкеріс мысал бола алады.
Радикалдық трансформацияның бұл типін жүйенің тұтас өзгеруі десе де
болады. Социология ғылымында əлеуметтік өзгерістер эволюциялық жəне
революциялық, прогресшіл жəне регресшіл, имитациялық жəне
инновациялық түрлерге бөлінеді. Эволюциялық əлеуметтік өзгерістер – бұл
біртіндеп жүзеге асатын бірқалыпты сандық өзгерістер. Əдетте мұндай
өзгерістер өзінің даму процесінде төрт кезеңнен өтеді: мазасыздық кезеңі,
көтерілу кезеңі, пішімдеу кезеңі жəне институттану кезеңі.