Әлеуметтану дифф зачет


 Əлеуметтену жəне бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)



Pdf көрінісі
бет9/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
1. леуметтану ылым а кіріспе ж не басты ымдарды т жырымдау

11. Əлеуметтену жəне бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
Əлеуметтену – мəдениетке жəне қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді,
тəжірибелерді жəне құндылықтарды үйрену процесі. Əлеуметтенудің басты
сипаты əлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір


əлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау
тəсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бəрі де өз
рөлдерін атқарады. Əрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нəрселерге
жəне басқа да адамдармен өзара əрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір
сенімдерден тұрады.
Социологияда əлеуметтану мен сəйкестендіру процестерін
түсіндіретін екі теория бар.Бұл құрылымдық функционализм(Талькотт
Парсонс) жəне символикалық интеракционизм(Джой Герберт Мид)ұсынатын
рөлдік теория.Рөлдік теорияға сəйкес қоғам-бұл тұтастай алғанда қоғамның
тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейтін əр түрлі функционалды
бөліктердің күрделі жүйесі.Əлеуметтік рөлдердің қоғамның ойдағыдай
жұмыс жасауына мүмкіндік беретін мақсаттары бар.
Символдық интеракционизм теориясының өткен ғасырдағы ең
ықпалды зерттеушісі Джордж Герберт Мид болды. Мид (1934) өзім деген
ұғым «мен» жəне «мені» деп аталатын екі компоненттен тұрады деп есептеді.
Мид мен сөзі «өзім» ұғымның өздігінен болатын бөлігін, жасампаз бөлігін
білдіреді, ал мені сөзі өзгелердің пайымдауын растайтын өзгелік бөлікті
білдіреді деп сипаттайды.Мид қоғамда əрекет етуді жəне «менің» қалауы мен
«мені» деген қоғамдық сананы таразылап теңгеруді рөлді қабылдау арқылы
үйренеміз деп сенді. Рөлді қабылдау дегеніміз – əлемді түсінуде өзгелердің
маңыздылығын жəне біртіндеп өзге пікірлерді қабылдауды үйрену
процесі.Мидтің айтуынша, рөлді қабылдау бала кезде, отбасының құқықтары
мен міндеттерін білу керек болғанда басталады. Баласы ретінде бізден не
күтетінін түсіну үшін əке мен ананың көзқарасын білуіміз керек. Біз өзімізді
ата-анамыздың көзқарасы арқылы көруді жəне солардың пікірі бойынша
мінез-құлқымызды бағалауды үйренуіміз тиіс. Олардың ой-пікірлері мен
өзіміздің қалауымызды білген кезде өз міндеттерімізді түсіне аламыз.Мид
балалар қоғамда қалай əрекет ету керектігін ойын арқылы дамытатынын
айтады. Бұл дегеніміз - балалардың ойыны көбінесе олар үшін маңызды
адамдардың мінез-құлқына негізделеді деген сөз. Сөйтіп, олар өздерінің
мінез-құлқын тек өзі үшін маңызды тұлғалардың көзқарастары арқылы ғана
емес, сонымен қатар Мидше айтқанда, «жалпы басқалардың», яғни
қарым-қатынас жасайтын, барлық басқа адамдардың пікірлері арқылы
бағалауды үйренеді. Жалпы, басқалардың пікірін түсіну мəдениет нормалары
мен құндылықтарын білумен тең. Əрбір адам өзінше дараланғанмен оған
ықпал ететін маңызды тұлғалар болады, олар əртүрлі мəдениет пен
субмəдениеттерде өседі, əркімнің білім алу жəне ақша сияқты əлеуметтік
ресурстарға қол жеткізу деңгейі əртүрлі болады. Сондықтан адамдар


қоғамның ережелеріне бағынуға бейімделеді немесе басқа жолды таңдай
алады.
Бірегейлік– біреудің бір нəрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке
тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты.
Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі
сезімі. Қазіргі əлеуметтік-гуманитарлық əдебиеттерде Б. Мəселесі екі бағытта
– жеке жəне əлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін
дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан
сипаттауы(менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаны өзін
əртүрлі əлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық,
демографиялық, діни, саяси, кəсіби, аймақтық жəне т.б.) жатқызуы.
Жаһандану ұлттық жəне мəдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы
əлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда.
Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар жəне жеке тұлғалар бірегейлену
дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену
өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мəселесі
трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен
үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық
кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды.
Бірегейлену мəселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы,
еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі
плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ
ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде
кейбір мəдени əмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды
кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану
барысында да елдердің аумақтық, мəдени, тарихи естеліктері сақталады,
бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мəдени
қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу
мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға
ұлттық белгісі мен азаматтығын əртүрлі қабылдайды. Мəдениеттердің
жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына
қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мəдени
ерекшелік сақталып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет