Есеп 7.13. Ата-анасының қаны екінші және үшінші топтарға жатады.
Балаларының қан топтары қандай болуы мумкін?
Есеп 7.14. Перзенханада екі баланы ауыстырып алған. Олардың біреуінің
ата-аналарының қаны бірінші және екінші топ, ал екіншісінікі- екінші және
төртінші топ екені анықталған. Балалардың қанын алып тенсергенде бірінші
және екінші топ шыққан. Қайсысы кімнің баласы екенін анықтау керек. Мұны
қан топтарының басқа да комбинациялары жағдайында табуға бола ма (мысал
келтір)? Қандай жағдайда әкелерінің қанын тексермей-ақ табуға болады?
Есеп 7.15. Ерлі – зайыптылардың біреуінің қаны І топ, ал екіншісінкі
гомозиготалы ІІІ топқа, жатады. Олардың бір баласы бар.Сол баланың қанының
тобын және оның генотипін анықтау керек.
Есеп 7.16. Шешесінің қаны ІІ топқа,ал баласының қаны І топқа
жатады.Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтау керек.
Есеп 7.17. Әкесінің қаны гетероготалы ІІІ топқа, ал шешесінің қаны І топқа
жатады. Балаларына шешесінің қанының тобы берілуі мүмкін бе?
Есеп 7.18. Баланың қаны бірінші топ, ал оның қарындасынікі- төртінші
топ. Олардың ата-аналарының топтары туралы не айтуға болады?
Есеп 7.19. Бірінші топқа жататын қанды барлық адамдарға құюға болады,
қанның екінші тобын- тек екінші және төртінші топқа, үшінші топқа жататын
қанды тек үшінші және төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды, тек
төртінші топ қаны бар адамға құюға болады. Шешесінің қанын кез келген
жағдайда балаларына құя беруге бола ма? Ал қарындасының қанын,туған
ағасына құюға бола ма?
Есеп 7.20. Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала
бар.Олардың екеуінің көздері көк те қан топтары І және ІV, ал екеуінің көздері
қара да қан топтары ІІ және ІІІ . Қара көзділікті аутосомдық доминанты белгі
деп алсақ, осы отбасының қаракөзді І топқа қаны бар баланың тууы мүмкін бе?
Есеп 7.21. Шешесінің қаны І, ал әкесінің қаны ІV топқа жататын
отбасында қаны екінші топқа жататын дальтоник бала дүниеге келген. Әке
шешесінің екеуі де түрлі –түсті дұрыс ажырата алады. Дальтонизм- х-
хромосомамен тіркестұқым қуалайтын рецессивті белгі. Осы отбасында
дальтонизм белгісі жоқ баланың тууы мүмкін бе және оның қанының тобы
қандай болуы ықтимал?
Есеп 7.22. Қаны ІІ топқа жататын дені сау ерлі –зайыптылырдың
отбасында қаны І топқа жататын гемофилик бала дүниеге келген.
Гемофилия Х-хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын рецессивті белгі.
Келесі туатын балада бұл аурудың болу-болмауы және оның ықтимал қан
топтарын анықтау керек.