154
2.
Әр түрлі тұқымдықтарды будандастыру арқылы, ұрпақтарын сұрыптай
отырып жаңа тұқымдықты шығару. Мысалы, тауықтың жұмыртқалаушы, еттер
беруші және ет- жұмыртқалаушы тұқымдықтары.
3.
Түр аралық будандастыру арқылы табиғатта кездеспейтін жаңа түрді
шығару. Мысалы, Қазақстандағы арқарды меринос қоймен буданадстырудың
нәтижесінде арқарамеринос қойының тұқымын шығару.
62 сурет. Селекцияның кейбір әдістемелерін пайдаланып шығарылған түрлер
Жекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым
қуалау заңдылықтарын ескере
отырып, селекционер өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды
келесі ұрпақтарда бір-біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай
дәнінің сапасын оның сабанына, жүгері сабағының ұзындығын собығының
мөлшеріне т.б. белгілеріне сәйкестендіруге болады. Құндыз, түлкі сияқты
бағалы аң терілері түстерінің тұқым қуалайтындығы жақсы зерттелген. Кейбір
гендерді комбинациялау арқылы бірнеше түрлі-түсті терілер алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: