163
Тапсырма 9.8. Қалыпты эукариот генінің сызбасын салып түсіндіріңдер.
Тапсырма 9.9. Қалыпты прокариот генінің сызбасын салып түсіндіріңдер.
Тапсырма
9.10.
Прокариоттар
және
эукариоттар
гендерінің
айырмашылықтары қандай?
9.3. Генетикалық код
Жұмыстың мақсаты: генетикалық кодтың кестесімен танысу және оның көмегімен
ақуыз молекуласындағы амин қышқылдарының орналасуын анықтай білуді игеру.
Генетикалық код – нуклеин қышқылдарының молекуласындағы
нуклеотидтердің орналасуының жазылу жүйесі,
код синтезделетін ақуыз
молекуласындағы амин қышқылдарының кезектестіктерін анықтайды (кесте).
Ақуыз молекуласы құрамына нақты бір амин қышқылының енуін анықтайтын
ДНҚ тізбегінің үш нуклеотидтерден тұратын бөлігі
кодон деп аталады.
17-ші кестеде көрсетілгендей амин қышқылдарының көпшілігі екі, үш
немесе төрт триплеттер арқылы анықталады. Мысалы,
метионин бір триплет
(АЦТ), лизин екі (ААА, ААГ), изолейцин үш (АУУ, АУЦ, АУА) сирин төрт
(УЦУ, УЦЦ, УЦА, УЦГ).
Генетикалық кодтың келесі қасиеттері бар:
1.
Код барлық тірі ағзалар үшін әмбебапты.
2.
Код триплетті.
3.
Код туа бітілген.
4.
Код үздіксіз, триплеттер арасы ештеңемен бөлінбейді.
5.
а-РНҚ молекуласының 5'
аяғында тұратын АУГ кодоны
полипептидтік тізбектің синтезделуінің ұйытқысы болып саналады.
6.
УАГ (амбер), УАА (охра) және УГА кодондары ақуыз синтезінің
тоқтатуышылары (терминаторлары).
Тапсырма 9.1.
ДНҚ молекуласының матрицалық тізбегінде
нуклеотидтер келесі
тәртіппен орналасқан:Т-А-Ц-Ц-А-А-Г-Т-Ц-Т-А-А-Т-Т-Т. ДНҚ молекуласының
комплементарлы тізбегіндегі нуклеотидтертерін анықтаңдар.
Осыдан соң
генетикалық ақпараттың транскрипциясы мен трансляциясын өткізіңдер. Егер
ДНҚ молекуласының матрицалық тізбегінде мутация жүріп,
төртінші
нуклеотид түсіп қалса, синтезделінетін ақуыздың біріншілік құрылымы қалай
өзгеретінін көрсетіңдер.
Есепті шешу барысында естеріңізде болсын кейбір амин қышқылдары
бірнеше кодондармен кодталатынын. Ондайда кодондардың бірін пайдалануға
болады.
164
Шешімі
1.ДНҚ-ның матрицалық тізбегінің комплементарлы тізбегін
құрастырыңдар:
Т А Ц Ц А А Г Т Ц Т А А Т Т Т А Т Г Г Т Т Ц А Г А Т Т А А А
А Т Г Г Т Т Ц А Г А Т Т А А А Т А Ц Ц А А Г Т Ц Т А А Т Т Т
комп. тізбек
3.
ДНҚ-ның матрицалық тізбегін санап
және генетикалық кодты
пайдаланамыз.
4.
Мутацияның жүруінің нәтижесінде аРНҚ тізбегімен амин
қышқылдарының орналасу тәртібі өзгереді.
Тапсырма 9.2. Ақпарараттық РНҚ
молекуласының нуклеотидтік
кезектестіктерін көрсетіңдер, егер ДНҚ молекуласында нуклеотидтер келесідей
орналсқан болса:
а) ААТЦАЦГАТЦЦТТЦТАГГАГГ;
б) АТЦАТТЦЦГТАТТЦГТЦЦААГ;
в) ТЦГЦГТААГЦТГГЦТТАГЦЦГ.
Достарыңызбен бөлісу: