А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Экзондар – полипептид құрылымын кодтайтын геннің бөлігі, интрондар



Pdf көрінісі
бет108/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Экзондар – полипептид құрылымын кодтайтын геннің бөлігі, интрондар
- полипептид құрылымын кодтамайтын ген бөліктері. Генде интрон-экзондық 
кезектестіктер әртүрлі (66-67 суреттер ).

 

 










 

 

1-энхансерлер; 2-сайленсерлер; 3-промотор; 4-экзондар; 5- интрондар;
6-трансляцияланбайтын аймақтарды кодтайтын экзондардың бөліктері 
66 сурет. Эукариоттардың гендерінің жалпы сызбасы 
Геннің негізгі сипаттамасын М.Е. Лобашев ұсынды, қазіргі кездегі 
толықтыруларды қосқанда:
- ген өз әрекеті бойынша дискреті; ол жекеленілген биохимиялық 
реакцияның жүруін немесе жүрмеуін, ағза қасиетінің (белгінің) бірінің дамуын 
немесе тежелуін қадағалайды
- геннің әрекеті өлшемді; соматикалық жасушадағы дозаның жинақталуы 
белгінің күшеюіне немесе әлсізденуіне соқтырады
- әр ген өз әрекеті бойынша нақтылы; ген біріншілік ақуыз молекуласының 
құрылымдық синтезделуіне жауапты; 
- ген әрекеті плейотропты; ген әртүрлі жолдар арқылы түрлі 
реакциялардың барысын және әртүрлі белгілердің дамуын қадағалайды; 
- гендердің полимерлік (полигендік) әрекеттері бар; әртүрлі гендер әртүрлі 
хромосомаларда орналасып, ағзаның бір белгісінің дамуына біріге қосылып ол 
белгіні күшейтеді немесе әлсіретеді
- ген басқа гендермен қарым-қатынасқа түседі, соның арақасында оның 
әрекеті өзгеруі мүмкін; 
- ген әрекеті сыртқы ортаның әсерінен өзгеруі де мүмкін; 
- гендер өздерінің өнімдерімен қарым-қатынасқа түсіп, синтездік 
процестің барысын қадағалайды; 
- ген тұрақты - ол ұрпақтан- ұрпаққа өзгеріссіз беріліп тұрады; 
- геннің өзіне тән көлемі және молекулярлық массасы болады. 


162 
1. Қалыпты эукариот гені 
2. Адам гені – ароматазаның эксперссиялануын реттеуші аймақ 
67 сурет. Эукариоттар генінің құрылымдық сызбасы 
Сонымен, қорыта келгенде, ген – тұқымқуалаушылық ақпараттың
құрылымдық бірлігі. Генетикалық материалдық қызметіне қарай, бөлінбейтін 
бірлік. Ген ДНҚ молекуласының бір бөлігінде орналасқан және ол бір қасиетке 
(белгіге) жауапты. Гендерде азоттық негіздер сандары бірдей болмайды. 
Нуклеотидттік жұптарының сандарына қарай оларды беске бөледі: шағын, 
орташа, үлкен, алып және супер алып гендер. 
Гендерді негізінен төрт топқа бөледі: РНҚ-кодтайтын, геномдық 
(құрылымдық), митохондриялық және акцепторлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет