239
мекендік, бағыттық, мақсаттық, себептік, салыстыру, теңеу және тағы
басқа мағыналар үстейді.
Қытай тіліндегі предлогтардың беретін грамматикалық мағынасы
мен атқаратын қызметіне қазақ тіліндегі септік жалғаулары және
септеулік шылауларға ұқсастау болып келеді. Алайда предлогтарды
септік жалғауы немесе септеулік шылаулармен теңестіріп қарауға
келмейді. Оның бірден бір себебі қытай
тілінде предлогтар қазақ
тіліндегі септеуліктер сияқты сөз бен сөзді байланыстырмайды, олар
тіркескен сөзіне үстеме мағына қосып, мағынасын нақтылай түседі.
Септеуліктер түбір тұлғалы сөзбен немесе барыс, шығыс,
көмектес
септіктеріндегі есім сөздермен тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге
сабақтастыра байланыстырады. Қытай тіліндегі предлогты тіркестер,
негізінен, қазақ тіліндегі септеулікті тіркестерге сәйкес келеді.
Бірақ
олардың білдіретін мағыналары, құрылымы, жасалу жолдары мен
атқаратын кызметтерінде айырмашылықтар бар.
Қытай тілінде толық мағыналы сөздер
мен көмекші сөздердің
тіркесімі синтаксистік сөз тіркесін құрай алатындығын қытай
ғалымдары тілдік деректер негізінде дәлелдеп отыр. Сондықтан да
соңғы жылдары толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің
тіркесімі қытай тілінің мектеп және жоғары оқу орындарына арналған
оқулықтарда еркін сөз тіркесінің қатарында қаралып жүр. Сәйкесінше,
предлогты тіркестер де сөз тіркестерінің қатарына жатады. Қазақ тілінде
септеулікті тіркестер сөз тіркесі деп тануға қойылатын талаптарға жауап
бере алмайды, олар түйдекті тіркестер құрап, осылайша аталады.
Предлогтар ағылшын тілінде де бар, оны «preposition» деп атайды.
Ағылшын тіліндегі предлогтармен салыстырғанда
қытай тіліндегі
предлогтарға мынандай ерекшеліктер тән болып келеді:
1) қытай тіліндегі предлогтардың басым бөлігі етістіктерден пайда
болған, сондықтан олар етістіктермен тығыз байланыста қаралады.
Мысалы, 朝, 向, 往, 顺, 随着, 对, 为, 跟, 叫, 比, 当, 给, 用, 由, 经过, 通过
, 拿 сияқты сөздер әрі етістік, әрі предлог болады, яғни олар етістіктің
де, предлогтың да қызметін атқарады;
2) қытай тіліндегі предлогты тіркестер ешқашан басқа предлогпен
тіркеспейді, яғни предлогтар қабаттасып қолданылмайды, мәселен, 从
在椅子上 [cong zai yizi shang] деп айтуға болмайды, яғни 在椅子上 [zai
yizi shang] предлогты тіркесі (тіркес құрамындағы 在[zai] предлогы
жатыс септікпен сәйкес келеді) 从[cong] (шығыс септікпен сәйкес
келеді) предлогының соңынан тіркесіп келмейді,
ағылшын тілінде
предлогтар қабаттасып қолданыла береді:
She came out from among the
Достарыңызбен бөлісу: