240
3) қытай тіліндегі предлогтардың орны тұрақты, тек өзіне қатысты
сөздің
алдында ғана тұрады, ағылшын тілінде предлогтардың
соңындағы сөздер сұраулық есімдер, сұраулық үстеулер немесе
қатыстық есімдер болса, олардың орындарын ауыстыруға болады, яғни
предлогтарды сөйлемнің соңынан қоюға да болады:
Where are you from?
What are you talking about?
Қытайда және елімізде жарық көрген оқулықтар мен оқу
құралдарында предлогқа анықтама әртүрлі беріліп жүр. Осы предлогқа
берілген анықтамаларға кеңірек тоқталайық.
Қытай тілінде жазылып, қазақ тілінде аудармасы беріліп отырған
«Қазіргі заман қытай тілі грамматикасы» деген оқулықта предлогқа
берілген анықтама: «用在名词或名词性词语前, 共同组成一个词组,
作动词、 形容词或名词的附加成分,表示时间、处所、方式、目的、
对象、排除、比较等意义,这样的词就是介词。
Зат есімнің немесе зат
есім сипатындағы
сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасап,
етістіктің, сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын,
мезгілдік,
мекендік, тәсілдік, мақсаттық,
объектілік,
шығарып тастау,
салыстыру т.б. мағыналарды білдіретін сөздерді сөз алды қосымшасы
деп атаймыз» [1, 163 б.].
Қытайда жарық көрген «Қытай тілі грамматика білімдері» атты
қос тілде жазылған кітапшада предлогты «сөз алды шылау» деп береді,
алайда предлогқа берілген анықтамада предлогты «сөз алды
қосымшасы» деп басқаша атайды. Берілген анықтама жоғарыда аталған
«Қазіргі заман қытай тілі грамматикасында» берілген анықтамамен
үндес, яғни анықтаманы көшіріп берген: «Зат есімнің немесе зат есім
сипатындағы сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасап, етістіктің,
сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын, мезгіл, мекен,
тәсіл, мақсат, объекті, шығарып тастау, салыстыру т.б. мағыналарды
білдіретін сөздерді сөз алды қосымшасы деп атаймыз» [2, 62 б.].
Қазақстанда жарық көрген «Қытай филологиясына кіріспеде»
анықтама былай берілген: «Қытай тілінде зат есімнің немесе зат есім
сипатындағы сөздердің алдында келіп, ортақ бір тіркес жасайтын,
етістіктің, сын есімнің немесе зат есімнің қосымшасы болатын,
мезгілдік, мекендік, тәсілдік, мақсаттық, объектілік, шеттету,
салыстыру т.б. мағыналы бар сөздерді сөз алды қосымшасы деп атайды»
[3, 98 б.].
М. Нурсаидовтың «Қазақ университеті» баспасынан шыққан
«Қытай тіліндегі жәрдемші сөздер» атты оқу құралында предлогқа
берілген анықтама: «Зат есімнің немесе зат есім сипатындағы сөздердің
алдына келіп ортақ бір тіркес жасап, етістіктің, сын есімнің немесе зат
241
есімнің қосымшасы болатын, мезгілдік, мекендік, тәсілдік, мақсаттық,
объектілік, шығарып тастау, салыстыру т.б. мағыналарды білдіретін
сөздерді сөз алды қосымшасы деп атаймыз» [4, 52 б.]. Автор «Қазіргі
заман қытай тілі грамматикасында» берілген анықтаманы өзгеріссіз,
бастапқы қалпын сақтап көшіріп берген.
Жоғарыда аталған еңбектердің барлығында авторлар қытай
тілінде берілген анықтаманы қазақ тіліне аударғанда қателік жіберген.
Яғни авторлар қытай тіліндегі «附加成分fujiachengfen» деген атауды
түсінбей, оны қазақ тіліне «қосымша» деп аударған. Шын мәнінде, «附
加成分» қазақ тіліне екі түрлі аударылады: бірі – «қосымша», енді бірі –
«сөйлемнің қосалқы мүшесі». «Қосымша»
қазақ тіл біліміне тән атау
болса, «сөйлемнің қосалқы мүшесі» қытай тіліне тән атау. Қазақ
тіліндегі «қосымша» қытай тіліне «附加成分» деп те аударылады, бұған
ешкімнің таласы жоқ. Бірақ қытай тіліндегі (яғни жоғарыда анықтамада
айтылған) «附加成分» атауының «қосымшамен» еш қатысы жоқ, ол
сөйлем мүшесімен қатысты. Қытай тілінде қалыптасқан дәстүр
бойынша бастауыш, баяндауыш және толықтауыш сөйлемнің негізгі
мүшелері (қазақ тілінде бастауыш пен баяндауыш «тұрлаулы мүшелер»
деп аталады) деп аталса, анықтауыш, пысықтауыш және толықтырғыш
мүшелер сөйлемнің қосалқы мүшелері (附加成分) (қазақ тілінде
«тұрлаусыз мүшелер» деп аталады) деп аталады.
Жоғарыда
анықтамаларда айтылған «етістіктің қосымшасы», «сын есімнің
қосымшасы» немесе «зат есімнің қосымшасы» дегендер де қытай
тілінде жоқ. Сондай-ақ, жоғарыда берілген анықтамалардағы бір
кемшілік: предлогтардың есімдіктермен де тіркесетінін ұмыт
қалдырған.
Тіл біліміне қатысты сөздіктерде 附加成分 атауы «қосымша
(жұрнақ, жалғау)» [5, 73 б.], «қосымша», «қосымшалар» [6, 127 б.],
«қосымша» [7, 21 б.] деп берілген. Ал Қытайда жарық көрген «Большой
китайско-русский словарь» деген сөздікте «аффикс» [8, 659 б.]
болып
аударылған. Біз 附加成分-ның екі түрлі аударылатынын ескеріп, оны
«сөйлемнің қосалқы мүшесі (
қытай тіліне тән)», «қосымша, аффикс»
[9, 80 б.] деп бердік.
Ескере кететін жайт: жоғарыдағы берілген анықтамаларда 排除
сөзі «шығарып тастау» болып аударылған. 排除 сөзін қазақ тіліне
«сырттату, шетқақпайлау, алыстату, бөлектеу,
оқшаулау, қалыс
қалдыру» болып аударылады. Мұндай мағынаны білдіретін предлогтар:
除 , 除了, 除非. Бұлар қазақ тіліне
басқа, сырт, өзге сөздерімен беріледі.