243
сөздермен тіркескеннен кейін, яғни «сөз алды қосымшалы сөз тіркесін»
жасағаннан кейін, ол «
сөз» емес, «тіркес» болады. Анықтамадағы
«
сөздер» дегенді «сөз алды қосымшалы сөз тіркесі (немесе предлогты
тіркес)» деп өзгертіп айтқан дұрыс немесе анықтамаға «өзіне қатысты
сөзге әртүрлі грамматикалық мағына үстейтін» дегенді қосу керек
сияқты. Анықтамадағы «айқындайтын» дегенді «сөз алды қосымшалы
сөз тіркесі (яғни предлогты тіркес) өзінің соңында тұрған етістік немесе
сын есімнен жасалған мүшелерді пысықтайды, анықтайды немесе
толықтырып келеді» деп түсінген дұрыс.
Жоғарыда берілген анықтамалардағы «зат есім сипатындағы
сөздер», «зат есім рөліндегі сөздер», «зат есім сипатты сөздер» дегендер
жалпы грамматикада айтылып жүрген – «есім сөздер».
Біздіңше, 介词атауын қазақ тіліндегі «қосымша»
мен орыс
тіліндегі «сөз алды қосымшасымен (префикс)» шатастырмас үшін
«предлог» деп атаған дұрыс сияқты. Бұдан басқа себептерін атар болсақ:
1) қытай тіл білімінде «қосымша» деген ұғым да, термин де жоқ;
жұрнақтар бар, бірақ өте аз; жалғаулар (тәуелдік, жіктік, көптік және
септік жалғаулары) болмайды (қазақ тілінде қосымшалардың екі түрі
бар: бірі – жұрнақ, екіншісі – жалғау);
2) «предлогтар» қытай тілінде көмекші сөздер болып табылады
және олар сөз табы ретінде қаралады; предлогтар жұрнақ сияқты өзі
қатысты сөзге бүтіндей жаңа мағына қоспайды;
жалғаулар сияқты
сөздерді бір-бірімен байланысқа түсіре алмайды.
Дәстүрлі қытай тілі грамматикасында предлогтар мағыналық
жағынан төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1) мезгіл мәнді предлогтар: 在, 于, 由, 到, 自, 从, 自从, 打, 当, 趁,
随着, 赶, 临 т.б.
2) мекен мәнді предлогтар: 从, 自, 由, 打, 往, 朝, 向, 在, 于, 沿着,
顺着 т.б.
3) істің, қимылдың амалын, тәсілін, қандай құралмен істелгенін
білдіретін предлогтар: 按照, 按, 依照, 凭, 靠, 以, 通过, 经过, 根据, 用, 将
, 据 т.б.
4) мақсатты, себеп-салдарды білдіретін предлогтар: 为, 为了, 为着
, 给, 因, 由于 т.б.
5) бөлектеу, оқшаулау, қалыс қалдыру мәнді предлогтар: 除 , 除了
, 除非 т.б.
6) салыстыру мәнін білдіретін предлогтар: 比.
7) іс-қимылдың тура объектісін білдіретін немесе іс-қимыл мен
ортақ субъектіні білдіретін предлогтар: 把, 将, 叫, 让, 同, 与, 跟, 和, 替,
244
向, 给 т.б. Белгілі бір іс-әрекет, оқиға жөнінде айтылғанын білдіретін
предлогтар: 对, 对于, 关于 т.б.
Предлогтардың грамматикалық ерекшеліктері:
1) предлогтар, негізінен, зат есім, есімдік немесе зат есімді сөз
тіркестерінің алдынан келіп, предлогты тіркес құрайды, предлогтардың
орны тұрақты, ауыстыруға мүлде болмайды;
2) предлогтар морфологиялық өзгерістерге ұшырамайды, оларды
қосарлап айтуға болмайды;
3) предлогтардың соңынан шақтық мағына үстейтін 着, 了, 过
шылаулары немесе 起来, 下去 бағыт-бағдар етістіктері жұмсалмайды.
Предлогтардың бірқатары көне қытай тіліндегі етістіктерден
ауысқан, мәселен, 把, 被 және т.б., көне қытай тіліндегі қазірге дейін
қолданылып келе жатқан предлогтар: 以, 于, 自т.б.
朝, 向, 往, 顺, 随着, 对, 为, 跟, 叫, 比, 当, 给, 用, 由, 经过, 通过, 拿
т.б. предлогтары етістіктерге ұқсас қызмет атқарғандықтан оларды бір-
бірінен ажырату қиынға соғады. Дегенмен басты айырмашылық ретінде
төмендегілерді атап көрсетуге болады:
1) етістіктер баяндауыш қызметін атқарады, предлогтар өз алдына
жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды, мысалы, 在 етістік те, предлог
та болады: 他不在家 [Ta bu zai jia]
Ол үйде жоқ (етістік), 书在桌子上
[Shu zai zhuozi shang]
Кітап үстелдің үстінде (предлог);
2) етістіктерді қосарлап айтуға болады: 你们俩比一比 [Nimen liang
bi yi bi];
3) етістіктердің соңынан шақтық мағыналарды білдіретін 着, 了,
过 шылауларын қосып айтуға болады: 顺利通过了考试 [Shunli tongguo
le kaoshi]
Емтиханнан сәтті өтті. 他当了市长 [Ta dang le shizhang]
Ол
Достарыңызбен бөлісу: