Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет113/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

Тапсырманы орындаңыз
 
Маңызды әңгімеңізді бір кҥн ішінде талдаңыз. Сӛзіңізді қалай және неге 
және қаншалықты сәтті тҥзеттіңіз?
Әңгіме барысында сҧхбаттастың реакциясын қалай тіркейтініңізді 
және оған сәйкес сӛзіңізді қалай тҥзететініңізді тҥсінуге тырысыңыз. 
Әңгімелесуден кейін тҥзету қаншалықты сәтті болғанын және оны қалай 
жақсартуға болғанын талдаңыз. Бақылауыңызды қағазға жазыңыз.
Адамдардың қатынасуында ӛ з і н д і к  к о м м у н и к а т и в т і к  


123
 
к е д е р г і л е р
де 
туындауы 
мҥмкін, 
олар: 
логикалық, 
семантикалық, стилистикалық, фонетикалық. 
Логикалық кедергі. Ол әрбір адам әлемді, жағдайды, 
проблеманы ӛз кӛзқарасы тҧрғысынан кӛруіне байланысты 
туындайды. Адам ойы оның ынтасына, ниетіне, эмоцияларына және 
басқаларға байланысты әр тҥрлі қажеттіліктерінің әсерімен 
туындайды және сондықтан, мағына әрқашан жеке-дара болып 
келеді, әрбір ойдың артында жиі жасырын және сол себепті әрқашан 
тҥсінікті болмайтын ниет тҧрады. Ақпаратты дҧрыс тҥсіну ҥшін 
алушының қарама-қарсы ойлау қызметі қажет. Тҥсініспеушіліктегі 
негізгі проблема сҧхбаттастардың ойлау ерекшеліктеріне, олардың 
логикасына байланысты. Логикалық кедергі әдетте бірдей 
ойламайтын серіктестерде туындайды, мысалы: біреуінде – 
абстрактылы-логикалық, 
басқасында 
– 
кӛрнекі-бейнелі, 
ҥшіншісінде – кӛрнекі-әрекетті.
Адамдардың операциялық ой қызметі де әр тҥрлі: барлығында 
ақылдың 
кеңдігі, 
икемділігі, 
жылдамдығы, 
сыншылдығы, 
бірегейлігі әр тҥрлі байқалады. Ойлаудың салыстыру, талдау, 
синтез, жалпылау, абстракциялау (лат. abstrahere — алаң ету) 
тәрізді операцияларын адамдар тереңдіктің әр тҥрлі дәрежесімен 
пайдаланады. Біреуі проблеманы толық талдауға тереңденген кезде, 
басқасы, ҥстіртін ақпаратты жинап, немесе, интуициясына сҥйеніп, 
әрқашан дҧрыс бола бермейтін дайын жауап немесе шешімді 
шығарады.
Сҧхбаттастың әрбіреуінің ақыл-ойында ойлаудың қандай тҥрлері 
мен ҥлгілері басым болуына қарай, олар тҥсіністік немесе 
тҥсінбеушілік деңгейінде қатынасады, яғни, логикалық кедергі 
туындайды. Логикалық кедергіні тек серіктестің ой тҧжырымын 
қалай қҧрғанын және айырмашылықтардың неде екенін тҥсінуге 
тырыса отырып, «серіктестен қозғалу» арқылы ғана жеңуге болады. 
Айтылғаннан басқа, логикалық кедергіші жеңуде кӛбі ойдың 
қаншалықты сауатты, анық және қысқа айтылатынына байланысты.
Шешендік шеберлігі жӛніндегі маман Н.М. Тимченко «Іскелік 
қатынасу табысының қҧпиясы» кітабында ақпараттың бір 
серіктестен басқасына берілуін қиындататын, сҧхбаттастардың 
логикасы мен коммуникативтік мәдениетіне байланысты негізгі 
себептерді ажыратады:
■ 
Сӛздің дәлсіздігі, ойдың сырбаздығы;
■ 
Ойды сӛзге қайта кодтаудың жетілмегендігі;
■ 
Тезисте логикалық қайшылықтың болуы;
■ 
Мағыналық арыжаулар мен ой ауысуының болуы;
■ 
Кәсіби терминдерді орынсыз пайдалану;
■ 
Сҧхбаттастың ниетін дҧрыс тҥсінбеу;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет