Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет167/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

Интербелсенді жаттығулар
Топта «Оңтайлы нҧсқа» ойынын ойнаңыз. Қатысушылардың бірі 


179
 
аудиторияда (сыныпта) және басшының рӛлін орындай отырып, жҧмыс 
ҥстелінде отырады. 
Кабинетке бірнеше қызметкерлер - жиналысқа қатысушылар кіреді. 
Олардың әрқайсысы біреумен шиеленістік қарым-қатынаста. Мҧны біле 
отырып (нҧсқаулықтан ала отырып), басшы қарсыластар бір-бірімен 
бетпе-бет келмейтіндей орналастыру керек. Мҧны мҥмкіндігінше 
ықыласпен және ыңғайлы тҥрде орындау керек. Қызметкерлер әртҥрлі 
ретпен келеді және ӛз орнын алуға тырысады. 
Кӛшбасшы рӛлінде ойынның әрбір қатысушысы қалуы мҥмкін. 
Жаттығудан кейін басшының әрекеттерінің дҧрыстығын талқылау 
қажет. 
Паралингвистика мен экстралингвистика. Олар адамның 
дауысымен байланысты. Бҧл ауызша емес байланыстың «сӛйлесу 
жаны» формасының ерекшелігі. Сӛздің акустикалық емес сӛйлеу 
аспектілері (тембр, темп, дикция, артикуляция, сӛйлеу тәсілі) 
маңызды ақпарат беріп, келесі хабарламаларды таратады: 
■ 
сӛзге немесе айтқымыз келгенге осы жағдайда қандай мән 
бергіміз келеді, ол ҥшін екпін, ҥзіліс, интонация тәрізді 
қҧралдарды пайдаланамыз;
■ 
айтушының ӛзі туралы – оның биофизикалық сипаттамасы 
(жынысы, жасы, бойы), эмоционалдық жағдайы, жеке 
ерекшеліктері; 
■ 
әңгімелесушінің сенімділігі немесе сенімсіздігі туралы, 
оның айтқанына сену туралы.
Байланыс кезінде дауыстың негізгі ӛлшемдері таңдалады - 
дауысы, биіктігі, қарқыны, тембр және ҥзіліс
Дауыстың қаттылығы адамның сӛзді қалай қатты немесе 
ақырын айтқанын кӛрсетеді. Бҧл әңгіменің мақсаты мен 
тақырыбына және бӛлме ерекшеліктеріне, оның акустикасына 
байланысты ӛзгеруі мҥмкін. 
Дыбыс биіктігі - оның тоны. Дыбыс биіктігі, әдетте, дауыстың 
қаттылығына қарай ӛзгереді. Адам қобалжуда болса, ол ӛз дауысын 
кӛтереді, ал егер ол ӛз талаптарын орындауға тырысса, керісінше, 
ол тыныш сӛйлейді. 
Қарқын — бҧл адамның сӛйлесу жылдамдығы. Адамдар 
қанағаттанған, қорыққан, қозғанда, алаңдаған кезде тездетіп 
сӛйлейді және олардың ақпаратына назар аударуға тырысса, баяу 
сӛйлейді. 
Дауыс ырғағы - бҧл оның дыбысталуы. Әрбір адамның дауыс 
ырғағы әртҥрлі: дауыс дірілдейді, ашық немесе қырылдауық. 
Қандай кӛңіл-кҥйде болғанына байланысты, ол қыңқылдап немесе 
жҧмсақ, қызықты, ашу ҥстінде – ӛткір немесе шіңкілдеген болуы 
мҥмкін. Дауыстың ырғағы сӛйлесушіні адастыруы мҥмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет