86
Америкалық ғалым У.Хейторн ӛткізген зерттеулердің бірінде
жанасқыштық, жҧмысқа қабілеттілік, басқа адамның кӛзқарасын
қолдай алу, оның психологиялық жағдайын тҥсіне білу тәрізді
жеке
тұлға сипаттары бірлескен қызметтің табыстылығына жағымды
әсер ететінін, ал кҥмәнділік, менмендік және авторитарлық тәрізді
қасиеттер оған теріс әсер ететіні кӛрсетілді. Топ жҧмысының
тиімділігіне
қатынасудың қарқындылығы әсер етеді. Топтағы
эмоциялық-тҧлға
аралық
байланыстардың
бҧзылуы
оның
ӛнімділігін
және
қатысушыларының
қанағаттанушылығын
тӛмендетуі мҥмкін.
Іскерлік ӛзара әрекеттесу тәжірибесінде топтық жҧмыстың
тиімділігімен жиі
жетекшілік стилін және тҧлға аралық
қатынастарды байланыстырады. Кӛптеген зерттеушілер қарым-
қатынастың кооперативтік тҥріндегі топтар жҧмыс кезінде орнаған
атмосфера жағынан да, қызмет нәтижелерінің сапасы жағынан да,
бәсекелестерден басым болатыны дәлелдеді.
Сондай-ақ, уақыт тапшылығы жағдайларында композиция
жағынан біркелкі топтар әркелкілерге қарағанда тиімдірек жҧмыс
істейтіндері анықталған. Бҧл ретте нақты ерекшелік топтың
міндеттерінің ауырлауына қарай кҥшейеді.
Айтылғанға қарағанда, топ мҥшелерінің ӛзара байланыстылығы
мен ӛзара тәуелділігінің дәрежесі туралы сҧрақ
қаншалықты
маңызды екені анық. Бҧл бҥтіндікке пікірлер, бағалар,
интеллектуалдық және жеке ерекшеліктердің, топ мҥшелерінің
сезімдері мен әрекеттерінің жақындауы есебінен қол жеткізіледі
және олардың мҥдделері мен қҧндылықты
бағдарларының
жақындауына әкелуі мҥмкін.
Ӛзара әрекеттесу кезінде физикалық байланыс, кеңістік ортасын
бірлесіп ҧйымдастыру және онда қозғалу, бірлескен топтық әрекет,
вербалды және вербалды емес ақпараттық байланысу іске
асырылады, сондықтан, тиімді ӛзара әрекеттесу ҥшін сондай-ақ, топ
мҥшелерінің ҥйлесімділігі және толық келісімі ҧғымдары маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: