Оқулық «Білім беру және педагогика» мамандықтарының «Қарым-қатынас психологиясы»



Pdf көрінісі
бет86/297
Дата24.10.2022
өлшемі3,57 Mb.
#45110
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   297
Байланысты:
Панфилова Қарым-қатынас-психологиясы.-Оқулық

92
 
бағытталған. Басқа адамды тҥсінуді қалайтындар әдетте 
сҧхбаттастарын мҧқият тыңдап, бақылайды, талдайды. Олар 
басқаны барынша артық тҥсінуге, оған бейімделуге тырысады.
Осылайша, ӛзара әрекеттесу ҥдерісінде серіктестер ӛз 
жоспарларын, мақсаттарын іске асырып, кәсіби проблемаларын 
шешеді. Ӛзара әрекеттесу барысында қатынасу қатысушыларының 
мінез-қҧлқы бҧрын айтылғандай, ӛзгеруі мҥмкін, себебі қажетті 
нәтижеге жету ҥшін бірлескен шешім шығаруға ортақ тәсілдемелер 
шығарылады.
Интерактивті жаттығу
 
Сабақта топтық сурет салуды орындаңыз.
Ойын тобының барлық мҥшелері бір парақ қағаз бен 
қарындаш немесе қалам алып, оқытушының белгісімен ӛздері 
ҥшін маңызды әлденені сала бастайды. Содан кейін белгі 
бойынша әрбіреу ӛз парағын сол жағындағы адамға табыстап, 
оң жағындағы қатысушыдан басталған суретті алады. Қолға 
алынған суретпен жҧмыс жасау жалғасады. Әрбір адам ӛзі 
қажетті деп санайтын ӛзгертулер, толықтырулар енгізуі 
мҥмкін. Нені және қалай салу керектігі туралы сҧраққа 
оқытушы ол әрбіреудің жеке шешімі деп жауап береді. Белгі 
бойынша сурет солға табысталып, оң жақтан алынады. 
Тренинг әрбір қатысушыға ӛз суреті қайтып оралғанша 
жалғасады.
Сурет салу нәтижелері бойынша ӛзара әрекеттесу 
қатысушысына оның парағында басқалар салғанды кӛрген 
кезде туындайтын сезімдерін тҥсіну қажет.
Қорытындыда әрбіреудің әсерін топпен талқылауға 
болады. Егер парақта ҥйлесімді толық сурет шықса – ол 
топтың ынтымақтастығының және бірлескен жҧмысқа 
дайындығының белгісі.
ҚАТЫНАСУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҦЛЫҚ 
ҤЛГІЛЕРІ 
Қатынасу қатысушыларының арасында салмақтылық пен 
оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілетін сақтай отырып, әр тҥрлі 
жағдайларға бірқалыпты және индифферентті қарайтын адамдар 
және жанжалды қылыққа бейім адамдар да кездеседі. Дәстҥрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет