Динаева б. Б., Сапина с. М



Pdf көрінісі
бет101/119
Дата26.10.2022
өлшемі5,44 Mb.
#45403
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119
«60020500 - Филология» мамандығы бойынша философия 
докторы (РҺР) дәрежесін алу үшін дайындалған
Баймаханова Мереке Сайынқызының 
«Абай мен Шәкәрім шығармалары тіліндегі тілдік дәстүр 
жалғастығы (когнитивтік аспектіде)» атты 
диссертациялық жұмысына
П I К І Р
1. 
Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми 
және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практиканың және 
ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы.
Бүгінгі таңда тіл біліміндегі көркем шығарма тілін прагматикалық, 
когнитивтік, психолингвистикалық парадигмада қарастыруда біршама 
нәтижеге қол жетті десе де болады. Жаңа ғылыми парадигмаға сай 
тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тұлғаға аударылады, сонымен 
байланысты тілді зерттеудің жаңа мақсаттары, маңызды ұғымдар мен 
тәсілдер, метатілдік теориялық негіздер қалыптаса бастады. Жалпы тіл 
табиғатын когнитивтік негізде қарастыру үлгісі В.Гумбольдт, Т.А. ван Дейк, 
Э.Сепир, А.Потебня тәрізді ғалымдардың еңбегінен бастау алады. Бұл 
ретте жемісті еңбек еткен қазақ ғалымдары Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, 
Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева т.б. зерттеулері тек этнолингвистика 
үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшін де құнды мазмұнға ие. Яғни 
қазіргі кезде тілдің жан-жақты қызметі мен оның адам санасы арқылы 
объективтенуі лингвомәдениеттанымдық, когнитивтік аспектіде зерттелуі 
ез нәтижесін беріп келеді. Ап тілдіктаңбалардың қызметі мен қолданылуы, 
мағыналарын танымдық деңгейде қарастыруды концептілік құрылымдар 
арқылы талдаудың мәні зор. Олай болса, халықтың танымдық-әлеуметтік 
даму деңгейіне сай тілдің әрбір кезеңдегі даму барысын айқындауға 
негіз болып табылатын көркем шығармалардың, соның ішінде Абай мен 
Шәкәрім шығармаларының тілін когнитивтік аспектіде лингвистикалық 
зерттеудің езектілігі дау тудырмаса керек, себебі қазақ тіл білімінде Абай 
мен Шәкәрім шығармаларына ортақ әлемнің концептуалдық бейнесі 
когнитивтік лингвистика тұрғысынан М.С.Баймаханованың еңбегінде 
алғаш рет арнайы зерттеу нысаны болып отыр.
Қоршаған дүниенің түрлі құбылыстары мен нәрселерінің өзіне тән 
жалпы мәліметтері бейнеленетін концептілердің пайда болу барысы 
жүздеген жылдарға созылып жатыр деуімізге болады. Әр ұрпақ
173


концептуалды жүйенің қалыптасуына, оны тексеріп, түзетіп, қорытып, ал 
кей кездері мазмұнын түбірімен өзгертіп, өз үлесін қосып келеді. Қазіргі 
уақытта кез келген концептіні әбден қалыптасып болған деуге ертерек. 
Олар үнемі өзгеріс үстінде, қатары күн санап толығуда.
¥лттық тілде бейнеленген концептілер адамның жан-жақты әрекетін 
айқындайтын ерекше маркерлерге айналады. Әлемнің тілдік бейнесінің 
ұлттық болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесі мен 
біліміне байланысты. Өйткені тілдік таңбалардың таңбалаушы қызметіне 
адамдардың өмірден көрген-білгені, кеңілге түйгені негіз болады. 
Концептіге үғым енгенімен, ол үғыммен ғана шектеліп қалмайды, сөзге 
қатысты барлық ақпараттарды қамтып отырады. Сонымен бірге концептінің 
керінісі сөзтіркесінде, түрлі дискурстарда, тұрақты тіркестерде, мәтіндерде 
жүзеге асады. Концепт мәдениеттің ментальдық үясы болып саналады.
М.С.Баймаханованыңзерттеуінде шешімін тапқан мәселелер, ғылыми 
тұжырымдар мен пайымдаулар жалпы ғылыми пәндерде (мәдениеттану, 
елтану, этнография), жалпы бағдарламалардағы когнитивтік лингвистика, 
стилистика, мәтін лингвистикасы, прагмалингвистика, психолингвистика 
пәндерінің болашақта жаңа бағытта зерттелуіне, сондай-ақ практикалық 
талаптарды жүзеге асыру тәжірибесі жаңа ғылыми шешімдер табуға, 
бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет