Перифраздары


ПЕРИФРАЗДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата26.10.2022
өлшемі1,63 Mb.
#45500
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
Ө.Айтпаев Қазақ фразеологизмдері

ПЕРИФРАЗДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН 
МƏЛІМЕТ
Перифраз мəселесіне қызығушылар көп болғанымен, 
оны түбегейлі зерттеп, түйінді пікір айтқандар шамалы. 
Тіпті мұның өзін дəйекті саралап, талдап беретін 
салиқалы еңбек те жоқ. Көбіне-көп əр алуан тақырып 
бойынша жазылған зерттеу жұмыстарында жол-
жөнекей, жанамалай айтылып кететін пікір болмаса, бұл 
проблеманы тыңғылықты қарастырудың сəті түспеген. 
Аздап болса да көзге ілінетін зерттеулерде ізденушілер 
перифразды лингвистиканың қай саласына жататынын 
анық білмейді. Қайсыбіреулер мұны фразеологияның 
объектісі деп қараса, екінші біреулер синтаксиске телігісі 
келеді. Кейде перифраз троптың жəне поэтикалық 
фигураның бір түрі деп те қарастырылып жүр. Яғни 
əңгіменің бұл жағы да əзірге айқын емес.
Перифраз – сөздердің бейнелі мағынада қолдану 
тəсіліне жататын көркем троптың бір түрі. Негізінде 
сөздерді перифраздық ыңғайда қолдану – бір нəрсенің, 
я құбылыстың атауын, оның өзіне сүйене отырып, басқа 
астарлы мағынада суреттеу. Басқаша айтқанда, күнделікті 
тұрмыс қажеттіліктерінен туындайтын жаңа ұғымдарға 
байланыты өмір шындықтарын, құбылыстың кейбір 
ерекше реңктерін айту тəсілі. Перифраз жалпы көркем 
шығармаларда сөздерге я сөз тіркестеріне бейнелілік 
сипат беру процесіне ғана емес, сол сияқты газет, 
журнал беттерінде де, техникалық жəне экономикалық 
əдебиеттерде де кеңінен қолданылады.
Жалпы алғанда, перифраз фразеологияның ерекше 
салаларының қатарына жатады. Себебі перифразда 
сөздерді бір-бірімен тіркестірудің өзіндік ерекшеліктері 
бар. «Поскольку любая (индивидуальная или группо-


141
вая) сочетаемость лексем является фактом языка, она 
должна быть предметом особого раздела языкознания 
изучающего закономерности сочетаемости лексем. 
Таким разделом мы считали фразеологию» [165]. 
Немесе: «Если имеет смысл провести порог, за преде-
лами которого фразеосочетание становится собственно 
фразеологизмом, то таким порогом по нашему мнению, 
следует считать возникновение коннотативности. Фра-
зеологизмами, таким образом, оказываются все соче-
тания, в которых хотя бы одна семена не является 
отражением экстралингвистической сущности» [146].
Перифраз əр уақытта тұрақты сөз тіркесінен тұрады, 
əрі мағынасы коннотативті, сондықтан оның фразеология 
объектісі екенінде дау жоқ. 
Біз перифразды фразеологияның ерекше бір тобы деп 
отырмыз, енді осыны дəлелдеп көрелік.
Сонымен, перифраз өзінің лингвистикалық мəніне 
қарай фразеологизмге жақын болады.
1. Бұл екеуінің де мақсаты тілге көркемдік, образдық, 
əсерлілік сипат беру, демек олардың антологиялық 
табиғаты бір (перифраз да, фразеологизм де – көркем-
деуші құралдар).
2. Перифраз да, фразеологизм де номинативтік 
қызмет атқарады, яғни олар заттың, құбылыстың атауы, 
не солардың белгілерінің, қасиеттерінің атаулары ретінде 
қолданылады.
3. Перифраз да, фразеологизм де заттың, құбылыс-
тың атын атағанда, əртүрлі қарым-қатынастарды 
білдіргенде, белгілі бір сөздермен лексика-семантика-
лық байланысқа түседі. Бұл байланысты – метафоралық 
байланыс деп атауға болады. Метафоралық перифраз-
дар əр түрлі жолдармен жасалынады:
a. заттың, процестің, құбылыстың түр-түсіне қарай 
жасалатын перифраздар. Мысалы: қар – ақ ұлпа (белый 
пух).


142
b. заттың, процестің, құбылыстың жасалынған 
материалына қарай болатын перифраздар. Мысалы: 
паровоз – от арба (огненная повозка).
c. заттың, процестің, құбылыстың сыртқы келбетіне 
қарай жасалынған перифраздар. Мысалы: шайтан – сары 
бала (рыжый подросток).
4. Перифраз да, фразеологизм де сөздің, сөз тіркесі-
нің мағынасын толықтырып, кеңейтіп тұрады.
5. Перифраздың да, фразеологизмнің де құрылысы 
ұқсас болады. Екеуі де кем дегенде екі сөздің тіркесуінен 
жасалады. Екеуі де өздерінің лексика- грамматикалық 
сипатына қарай есім тіркестер, етістікті тіркестер болып 
жіктеледі, «сын есім + зат есім» моделі – перифраз бен 
фразеологизмдердің ең кең тараған құрылымдық түрі.
6. Перифраз бен фразеологизмнің стильдік қызмет-
тері де бір-біріне жақын. Мысалы:
a. экспрессивтік орамдар;
b. эвфемистік орамдар;
c. ирониялық орамдар екеуіне де тəн.
7. Сөйлем мүшесі ретінде екеуінің де қызметі 
шектеулі.
8. Перифраздардың да, фразеологизмдердің де сино-
нимдік варианттары көп болады. Мысалы: қар – ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет